Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үкіметте халықты еңбекке тарту аясында жиын өтті
    Жаңалықтар

    Үкіметте халықты еңбекке тарту аясында жиын өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.08.2018243 Views

    28 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова баяндама жасады.

    Мұнан соң, Үкімет басшысы республика аймақтарындағы жағдайдың барысы туралы әрбір облыс, қала әкімдерінің мәліметтеріне қанықты.

    Өз кезегінде сөз алған Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жол картасын іске асырудың нәтижесінде, өзектендірілуі тиіс облыстағы адамдардың саны 626 мыңды құрайтынын жеткізді.

    «Қазіргі таңда оның 70 пайызы, яғни 436 мыңы өзектендірілді. Өзектендірілуге тиіс қазір 30 пайыз, яғни 190 мың адам. Бұл 190 мың адамның 90 пайызы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар. 6,5 пайызы үй шаруасындағы әйелдер. 2,2 пайызы мәртебесі анықталмағандар. 1 пайызы бала күтіміндегі әйелдер, студенттер және қайтыс болғандар. Бейресми жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар бойынша нақты іс-шара жоспары түзілді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтарға еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде 65 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланды», — деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы 2018 жылдың 27 тамызына мәртебесі анықталған 18,3 мың адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 18466 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа жолданғанын жеткізді.  

    Аймақтардың аталған мәселе аясындағы баяндамаларын тыңдаған Б.Сағынтаев формальді емес жұмыспен айналысатын адамдарды ел экономикасына тарту жұмыстарын жалғастыруды барша облыс әкімдеріне тапсырды.

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.