Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы басты бағыттар — жергілікті тұрғындарды баспанамен қамтамасы ету, кәсіпкерлерге қолдау танытып, жаңа серпін беру және студенттердің жатақханамен қамтылуы. Бұл бағытта үшінші мегаполис қандай жұмыстарды қолға алды? Жергілікті биліктің Мәжіліс депутаттарына жасаған ұсыныстары қолдау таба ма?
Бүгінде өңір тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі ол -тұрғын үй. Баспанаға деген қолжетілімділікті қамтамасыз ету үшін Елбасы бұл бағытты бес әлеуметтік бастамаға енгізді. 20 пайызын алдын ала қазынаға салып, 7 пайызбен 25-жылға баспана беру халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашады. Дегенмен, біздің өңірде бағдарлама бойынша тек 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді иеленуге рұқсат берілген. Ал облыста және Шымкентте көпбалалы отбасылар аталған қаржыға келетін бір бөлмелі немесе екі бөлмелі пәтерді емес, көп балалы отбасыға сәйкес баспананы қалайды екен.
Үшінші мегаполисте бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің пәтерлерінде басым бөлігі үш немесе 4-5 бөлмелі. Ауқымына қарай оның бағасы да арзан емес, нақтырақ айтпасақта, 15-млннан асып жығылатыны анық. Ал бұл пәтердің құны бұл бағадан көп болса, оны бес бастамадағы бағдарламаға енгізу мүмкін емес. Себебі облысқа міндеттелген лимит, яғни қаржысының көлемі 10-15 млн теңге. Бұл кәсіпкерлерге де тиімсіз дейді мәжілісімендер. Дегенмен, депутаттардың айтуынша басты себептер бұл ғана емес.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың әлеуетін көтеруге үшін әзірленген маңызды шешім. Онда ел болашағы жастардың сапалы әрі жүйелі білім алуы үшін жағдай жасау, студенттерді толықтай жатақханамен қамтамасыз ету бағыттары нақты міндеттелген. Бұл тұрғыда өңірдің кәсіпкерлерін инвестиция салуға үндеу маңызды. Яғни Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әр саланың үндестігін қалыптастырып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру басты міндет болып отыр.