• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық ою-өрнекке жан бітірген Жұмазия еді…

28.08.2018
0

Тамыздың 26 күні әйелдер арасында кәсіпкерліктің негізін қалаған Жұмазия Кішкентайқызы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.  Бұл есім тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл республикаға таныс. Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау заманыныда «Қыз Жібек» тігін фабрикасының негізін қалаған қайсар азаматшадан айырылуымыз – қазақ қоғамы мен руханияты үшін орны толмас ауыр қаза.

Атыраудың Ақ Жайығында туылып, Оңтүстіктің Құрамысовтар әулетіне келін болып түскен Жұмазия Кішкентайқызы сонау 1980-ші жылдардың ортасында Оңтүстік өңірінде орналасқан бес тігін фабрикасын басқарып, кейіннен «Қыз Жібек» деп аталатын жеке тігін мекемесін ашқан алғашқы кәсіпкер әйел. Сол замандарда «Қыз Жібек» тіккен киімдерді қолы жеткендер мақтана киетін. Өйткені оның сапасы да, сәні де сол уақыттың талабына сай болатын.

Марқұм Жұмазия апа 90-шы жылдардың басында, қазынадан қаражат аз уақыттарда «Восток» мөлтек ауданындағы балалар үйіне азық-түлік, киім-кешек апарып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейтін. Өмірінің соңғы уақыттарына дейін зейнетақысының бір бөлігіне мата алып, бөбектерге түрлі киімдер тікті. Өзінің жомарт жүрегімен ел анасы атанған аяулы жан балғындардың болашағы үшін қолдан келер көмегін аямады.  Осылайша «Жақсылық жасауды жаны сүйетін – Жұмазия Кішкентайқызы» деген есіммен  халық жадында мәңілік сақталып қалары сөзсіз…

Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақышта тігілген киімдер мен бұйымдар  Бельгия, Испания, Швеция, Португалия сынды Еуропа елдерінде өткен ЭКСПО көрмелерінде шет елдік көрерменнің назарына ұсынылды. Ғұмырын тігін өнерімен байланыстырып, қырық жылға жуық басшылық қызметте істеді. Сүйікті ісімен бірге, жеке өмірін қатар алып жүрген аяулы жар, асыл ана өмірге үш ұл, екі қыз әкелді. Бәрін үйлендіріп-жайландырып, 8 немеренің сүйікті әжесі атанды. Өмірден көрген-түйгені мол, халқымыздың салт-дәстүрін жадында ұстап, ұрпақ бойына сіңіре білді.

Жұмазия Кішкентайқызы, Жаныңыз жәннәта болып, рухыңыз пейіш төрінен орын алғай…

Жансая Елемесова

Бөлісу3TweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.