Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОТЫРАРДЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ
    Жаңалықтар

    ОТЫРАРДЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.08.2018253 Views

    Күн санап қарыштап дамып келе жатқан әлемдік ғылыми ізденістер мен жаңалықтар өз дегеніне қол жеткізіп келеді. Қоғамның қайсыбір саласы болса да даму процесінде жаңаша үдеріс, айрықша сипатқа ие. Олай дейтініміз өткен ғасыр ғылыми-техникалық жетілудің қадамына жол ашса, бұл кезең нанотехнологиялар мен жаңаша тәжірибе, тың ізденіс жасау ісіне ие. Ғылыми бетбұрыс ауылшаруашылық саласынан да шет қалмады. Оған дәлел, 54 мыңнан аса халқы, 1 675700 км2 жер аумағы бар Түркістан облысындағы Отырар ауданы биылғы жылы жоғары табыстарға қол жеткізбек. Ежелден мал және егін шаруашылығымен даңқы шыққан өлкенің соңғы ширек ғасырда суармалы жерлері тұзданып, өнім беруі төмендеп кеткені белгілі. Осы орайда,  Алматы қаласындағы Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия институтымен бірлесіп, ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалана отырып егістік жерлерді тұздан арылту жұмыстарын жүргізуге бел буған отырарлықтар көңіл қуантарлық нәтижеге де қол жеткізіпті.  Үкілі үмітке сенім артып, ауылшаруашылық саласындағы салмағы ауыр бұл істің оң шешілуіне барынша зейін қойған аудан басшылығы биылғы жаңбырдың аздығына қарамай жылдағы өнімнен рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтты. Мәселен, былтырғы жылы  жүгері дақылының көлемі 8500 гектар болса, биыл 10050 гектарға артқан. Жер-ананың   4000 гектарына терең қопсыту технологиясы қолданыла отырып, нәтижесінде үш рет суғарылуы тиіс жүгері алқаптарына екі рет қана су жіберілу арқылы ағын су үнемделіпті. Аталған институт ғалымдары өңдеген 3700 гектардың әр гектарынан алынатын өнім 150 центнерге жетіп, өнімнің екі есе көп жиналуы күтілуде.

    img-20180828-wa0009
    Ал бақша өнімдері былтыр 6800 гектар жерге егілсе, биыл 7492 гектар алқапқа қанат жайған. Қауын-қарбыз өнімдері Қазақстанда ғана емес, шет елдік тұтынушыларға да экспортталу үстінде. Ұзақ мерзімге шыдайтын қауынқақ, қауынқұрт та көптеп дайындалып, табиғи дәруменге бай өнімдер жаңаша қырымен отандық тауарлар үлесін көбейтпек. Қазіргі таңда, шаруалар бұл бастаманың заман талабына сай дайындалуы мен түрлі қырларын екшеу үстінде. Демек, жәй ғана қауынқақ атауымен таныс өнім тың жаңалығымен қайта жаңғыруы да бек мүмкін.
    Отырар ауданында мал басының артқаны да байқалады.  Жылдағы есептік көрсеткішпен салыстырғанда  сиыр 105, жылқы 111, қой 112, түйе 103 пайызға көбейген. Сондай-ақ, «Сыбаға» — 101, «Құлан» — 104, «Алтын асық» — 106 пайызға өсіп, мемлекеттік бағдарлама толығымен жүзеге асырылып, нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысушы мамандар көптеген игі қадамдарға жол ашты.

    img-20180827-wa0093
    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен Түркістан облысында қолға алынған «CAMEL RANCH» бағдарламасына  Отырар ауданы да атсалысуда. Қазіргі таңда ауданда  6350 бас түйе болса, олардың санын арттыру бойынша тиімді жоспарлар қолға алынып, игілікті істі жүзеге асыруға талпыныс қарқынды.
    Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы аймақтағы мал және ауылшаруашылық нысандарын кезекті рет аралап, шаруалар жайын осылайша нақтылады.

    Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.