• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

 «Кселл»-дің Республикалық  «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

27.08.2018
0

 «Кселл»  коммпаниясының республикалық «Digital Life»  білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді. «Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM»,  «Әжелер, аталар және смартфон» курсы  — бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар.

 «Digital Life» жобасының мақсаты – қазақстандықтарды олардың күнделікті өмірі үшін смартфондар мен мобильді қосымшалар ашатын мүмкіндіктер және басымдылықтармен таныстыру. Мастер-класс және курс тыңдаушылары -оқушылар мен олардың ата-аналары, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналисттер, блогерлерм мен тіпті зейнеткерлер болды.

«Әжелер, аталар және смартфон»

Бұл курс бірінші құлақтандыруды жариялаған сәттен бастап-ақ үлкен сұранысқа ие бола бастады. Себебі бұл курста 50 және одан үлкен жастағы ата  буындарымыз «сандық тосқауылдан» өту үшін смартфондарды пайдалануды үйренді. Ең ересек қатысушы 83 жаста болатын.

Дәл осы курс сабақтарында тыңдаушылар, қазақстандық зейнеткерлер алғаш рет әлеуметтік желілерде аккаун құрып, смартфондар мен планшеттер үшін қосымшалар жүктеуді, мессенджерлерде топтар құруды және әрине, бір-бірімен қатынасуды үйренді! Осы сабақтардың арқасында, Қостанайдан қатысушы Воронина Наталья Зотовна енді коммуналдық қызметтерді онлайн төлесе, Давлетгиреева Альфия Хамитовна  бейнеқоңырау шалуды, дыбыс хабарламаларын жіберуді және смартфонға сурет пен видео түсіруді үйренді.  

«Мен 55 жастамын. Жұмыс істеймін. Әріптесім WhatsApp-қа құжаттың суретін түсіруді өтінген бір жағдай болған. Менде смартфон бар, алайда оның өтінішін орындау үшін, мен өзімнен жастау әріптестеріме жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл әр кез ыңғайлы бола бермейтіні түсінікті.  5 күндік сабақтың арқасында, смартфондар біздің өмірімізді жеңілдету үшін ойлап тапқанын түсіне алдық. Әлеуметтік желілер, оқуға арналған қосымшалар, маңызды сәттерге арналған сурет және видео  бұның барлығы енді біз үшін оңай», — деп өз әсерімен Ақтөбелік Манепова Гульнара Мирашевна бөлісті.

Жобаның үш жылында «Әжелер, аталар және смартфон» курсына Қазақстанның 14 қаласынан 500 зейнеткер қатысты.

Мобильді білім

Мобильдік технологиялар оқу мен өз-өзін дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Қазақстанның 16 қаласынан жүздеген студенттер, мектеп оқушылары мен педагогтар  смартфондардағы мобильді қосымшалар арқылы өзіне қызықты мамандықтар бойынша курстар табуға болатынын, қандай қосымшаларда шетел тілдерін үйрену оңай екендігін біле алды.    

«Мен көптеген қосымшалар туралы ақпарат алдым және келешекте оларды пайдаланғым келеді. Бізде қазір «Телерадиожурналистика» пәні жүріп жатыр, біз жиі түрде мәтінді түзетеміз және бүгін мен видеоларды түзетуге болатын қосымшалар туралы білдім. Мен үшін   тілдерді үйрену өте маңызды. Бүгінгі тренингтен түсінгенім – ағылшын тілін үйрену өте маңызды. Оны үйренуге арналған қосымшалар бар екен. Бұл керемет жайт! Менің әрі қарай дамуым үшін бұл үлкен мүмкіндік. Тағы қосарым, VR-көзілдіріктер маған өте ұнады.  Осындай мүмкіндік үшін рахмет», —  дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚМК 1 курс студенті Ризанұр Қасенова.

Мобильді қауіпсіздік

Бұл мастер-класс мобильдік технологиялардың көмегімен  өз балаңызды сыртқы орта және виртуалды қатерлерден қалай қауіпсіздендіруге болатынын, өзіңізге қауіпті жағдайларда қалай көмектесуге болатынын түсіндірді. Мастер-класта жаттықтырушылар ересек адамдарды баланың  жүрген жерін бақылау бойынша жүйелерді қалай пайдалану керектігін түсіндірді, Kcell-дің «Ата-ана бақылауы» қызметін қалай пайдалану керектігін және балаларды «үлкендердің» контентінен қалай алшақтату керектігін баяндады.

«Ата-аналар жиналысында ұсынылған «Ата-ана бақылауы» мобильдік қосымшасы туралы материал өте оңтайлы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте қажетті. Ақпарат қолжетімді түрде, өте қызықты, жанды, қызықты етіп жеткізілді. Ата-аналар белсенді тыңдаушылар ретінде шықты: көп сұрақтар қойылды. Тренингтен кейінгі түсіндіру жұмыстарына алғысымыз шексіз! Рахмет!», — деп Қарағанды қ. №58 ЖОМ директоры Балғабекова Татьяна Владимировна әсерімен бөлісті.

Бизнеске арналған SMM

Осы мастер-класс арқасында кез келген ниет білдіруші адам  өз тауарларын әлеуметтік желілер мен ғаламтор арқылы өз тауарларын жарнамалау және жылжыту үшін  қалай пайдалану керектігі  туралы біле алды. Курс қатысушылары коммерциялық мәтіндер жазу дағдыларын,  мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып нарыққа талдау жасауды үйренді,  әлеуметтік желілерде алға жылжытумен және жобаларды басқару жүйелерімен танысты. Жаттықтырушылар ғаламтор арқылы қалай тауарларды сату және сатып алу керектігін, әуе билеттерін қалай тез тапсырыс беруді, міндеттерді қалай жоспарлау және тұратын орынға бронь қою, тұлғалық тиімділікті қалай арттыру керектігі жайлы баяндады.

 «Бизнеске арналған SМM»  мастер классы өте пайдалы болды. Енді мен ғаламтордағы өз бизнесімді дамытуға және оның көмегімен клиенттер тартуға көбірек көңіл бөлетін боламын, себебі менің негізгі мақсатты аудиториям – бұл біздің қызметтерге қызығушылық танытатын әйелдер», -деп атап өтті Петропавлдағы «Есения» сұлулық салонының директоры Есения Сабитова.

Digital-еріктілер мектебі

Үш жылдық жоба аяқталғанмен, «Кселл» үшін  смартфондар мен мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану бойынша білімнің әрі қарай тарағаны өте маңызды болды. Сол себепті компания курстар мен мастер-класстарды өткізетін және сандық әлемнің бөлігі болғысы келетін пайдалы ақпаратты бергісі келетін 82 еріктіні оқытты. Астана мен Павлодардың digital-еріктілер мектебінің түлектері өз қалаларындағы «Әжелер, аталар және смартфон»  және «Мобильді қауіпсіздік» курстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысып үлгерді.  

«Тренингтердің қалай өткізілетінін білу маған қызықты болатын. Сонымен қатар, адам саған сенетіндей және сенің айтып отырған сөздеріңе сенетіндей етіп ақпаратты қалай жеткізуге болатынын білу мен үшін өте маңызды болатын. Қалай барлық күмәннен, «алайда» және «қарсы» сөздерінен қалай арылуға, әр әр адамды, оның пікірін қалай білуге болады. Екіншіден, бұл мен және курстың қалған қатысушылары үшін үлкен тәжірибе», — дейді Шымкент қаласының digital-еріктісі  Сергей Колпаидиков.

«Жобаны іске қосу кезінде біз қазақстандықтарға өмір сапасын арттыру үшін пайдалануға болатын мобильдік технологиялар мен смартфондардың беретін шексіз мүмкіндіктері туралы айтқымыз келген.  Бізге мастер-класстар мен курстардың қатысушыларының смартфондардың барлық мүмкіндіктер туралы білгені және оларды өз өмірінде пайдалана бастауы өте маңызды болатын. Үш жылдық жұмыс жасау мерзімінде біз еліміздің 17 қаласында 298 мастер-класс пен курстар өткіздік.  8 мыңға жуық адам денсаулығын жақсарту үшін, балаларды тәрбиелеуде, бизнесте және өміріміздің көптеген басқа салаларында тиімді пайдалана бастады. Үш жыл ішінде біз  жүздеген белсенді апалар мен аталарға сандық коммуникациялар технологияларының көмегімен қатынасудың қандай оңай, күшті және қызық екендігін түсіндіре алдық.  Digital Life жобасын іске асыруға ат салысқан адамдардың барлығына, олардың кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығына алғыс білдіреміз.  Жобаның барлық қатысушыларына жаңа білімге деген ашықтығы мен дамуға деген ниеті үшін үлкен рахмет», — деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің басшысы  Наталья Еськова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.