• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абылай Мырзахметов: Бизнеске ақпараттың онлайн қолжетімділігі қажет

25.08.2018
0

Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жер учаскілерінің қолжетімді болуы, көтерме және тарату орталықтарының құрылысы және ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша республикалық Қоғамдық кеңестің мүшелері — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов барды. Сапар аясында Өңірлік палата алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында талқыланған басты мәселелердің бірі — жер учаскелері туралы ақпараттың қолжетімділігі. ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша, Алматы облысы қолданыстағы бас жоспардың материалдары мен егжей-тегжейлі жоспарлауды қамтитын қала құрылысы жобалары бойынша геоақпараттық деректер базасын құру жұмысын бастады. Мұндай жұмыс Қызылорда облысы, Астана және Алматы қалаларында жүргізілуде. «Әкімдіктердің бас жоспарлар туралы, егжей-тегжейлі жоспарлау және бос жатқан жер учаскелері туралы ақпаратты онлайн қолжетімді ету үшін қаражат бөлуі өте маңызды. Мысалы, 5-6 сиыры бар «Бастаудың» түлегі өз ісін кеңейтіп, тағы 10-15 сиыр сатып алуға ниетті. Оған жайылым қажет. Жер учаскесі іздеген ол жер учаскесінің жоқтығын немесе бос жатқан жер учаскесі туралы ақпараттың жоқтығын біледі. Кәсіпкер іздемеуі керек. Барлық ақпарат онлайн режимде қолжетімді болуы тиіс. Кәсіпкерлер барлық есіктерді қақпай, барлық қызметті бір жерден алуы үшін бұл алаңды Өңірлік палаталар арқылы құру қажет», — деді Абылай Мырзахметов. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы қаржы ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру, отандық тауар өндірушілерді қолдау және кадрларды оқыту туралы атқарылған және жоспарланған жұмыстар барысы туралы әңгімеледі. «Аймақтардағы фермерлердің тағы бір маңызды мәселесі — сауда желілеріне қолжетімділік. Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) елді мекендерде фермерлер өз өнімдерін өткізуге болатын көтерме және тарату орталықтарының жүйесін (КТО) құруда. Осындай орталықтардың жоқтығынан олар өндірістің 30% -ын жоғалтады. Фермерлер нарыққа шығу мәселесін өздері шешпеуі керек. Олар тек өнімді қоймаға өткізіп, тиесілі қаражатты алуға міндетті. Қазіргі уақытта КТО жүйесі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жұмыс атқарылуда», — деді Абылай Мырзахметов. Кездесу барысында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова кәсіпкерлікке ұзақ мерзімді келісімшарттарды енгізу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. «Біздің зауыт жол құрылысы материалдарын өндірумен айналысады. Нарыққа шыққанымызға 10 жыл болды. Тендерлер желтоқсан айында, кейде қаңтарда немесе ақпан айында өтеді, ал тапсырушы өнімді наурыз айында талап етеді. Осы аз уақыт ішінде мен келісімге қол қойып, шикізат сатып алып, өнімді дайындап, бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіп беруге міндеттімін. Қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Сондықтан бизнеске ұзақ мерзімді келісімшарттар беру өте маңызды. Сонда ғана бизнес өз жұмысын жоспарлай алады. Бұл мәселе менде ғана емес, бұл жүйелі мәселе. Мектеп асханаларында, ауруханаларда да осыған ұқсас жағдай, олар да жыл сайын сатып алуды жариялауға мәжбүр болады», — дейді кәсіпкер. Өз кезегінде Абылай Мырзахметов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бес жыл мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. «Бұл кәсіпкер үшін де, тапсырыс беруші үшін де ыңғайлы. Бүгінде біз ірі жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, мектептер мен ауруханаларда конкурстар өткізу дұрыс емес. Мұнда қоғамдық және әлеуметтік мүдделер тұрғысынан келу керек. Біз осы бастаманы қолға алуға дайынбыз», — деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы. Тағы ерекше талқыланған тақырып — жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың «Бастау» жобасына қатысуы. Жобаның түлектері өздерінің алғашқы оқу нәтижелерімен және кездескен қиындықтарымен бөлісті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов өңірлік бизнестің мәселелері мен ұсыныстары Парламенттің сессияларында жарияланатын болады деп мәлімдеді. «Президент бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл жақында кәсіпкерлік қызметі туралы қол қойылған заңда куәландырылған. Жалпы, барлық Бес әлеуметтік бастама кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Бүгінде біз «Атамекенмен», салалық қауымдастықтармен бірлесіп кәсіпкерлік саланы жетілдіру бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз», — деді депутат. Сондай-ақ Нұртай Сәбильянов Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі Кәсіпкерлердің үйі екенін айтып өтті. Ол Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған болатын. Ол өзге өңірлер үшін бизнес пен билік арасындағы өзара қарым-қатынастың табысты үлгісі. ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруды қадағалау үшін республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов жұмыс сапары аясында облыс әкімінің қатысуымен өткен отырысқа қатысты, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде болды, кәсіпкерлерге толық форматты қызмет көрсету орталығы жұмысын байқап, Талдықорған қаласындағы 16-қабатты үш тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, сапар барысында «Талдықорған» автоматтандырылған газ тарату станциясына және «Сарымсақов Р.Ж.» шаруа қожалығына бару да жоспарланып отыр.
Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.