Түркістан облысының жаңа орталығы – Түркістан қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өз жұмысын жемісті аяқтады. Бұл жолғы конференциясының тақырыбы «Төртінші революция жағдайындағы адами капитал» деп аталды. Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ұстаздар, білім саласының ардагерлері, облыстық мәслихат депуттаттары мен облыс басшысы Жансейіт Түймебаев қатысқан жиын білім саласындағы ізденістер мен жаңа айқындап берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстар туралы сала мамандары баяндама жасаса, облыстық ата – аналар кеңесінің төрағасы Әнуарбек Бейсе өз ойын білдіріп, арнамызға сұхбат берді. Ол өз сөзінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың жауапты сала мамандарына міндеттеген тапсырмасын қолдайтынын жеткізді. Мұғалімдердің көше сыпырып, аула тазалау істері тиылмай тұрғанын алға тартып, бұл істің тоқтатылуын талап етті.