Ағымдағы жылғы 18 тамызда ІІМ-де Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов пен Түрік Республикасы Жандармериясының Бас қолбасшысы, Армия генералы Ариф Четинмен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында екі елдің құқық қорғау саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын Жерорта теңізі және еуропалық жандармериясы мен әскери мәртебесі бар құқық қорғау органдары (FIEP) ассоциациясына біріктіру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ кадрларды қайта даярлау және оқыту бойынша белсенділікті одан әрі арттыру жолдарын пысықтады.
Кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог аясында өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі