Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қант зауытының екінші тынысы ашылды
    Жаңалықтар

    Қант зауытының екінші тынысы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.08.2018606 Views

    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде толық жаңғыртудан өткен Ақсу қант зауыты биылғы жылдан бастап «қалдықсыз өндіріс» пиринципімен жұмыс істейтін болады. Биылғы жылы 130 мың тоннаға дейін қызылша өңдеуді жоспарлап отырған зауытта қалдық жомдарды нығыздап орайтын норвегиялық құрылғылар орнатылуда, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Ақсу ауданына жасаған сапары барысында белгілі болды.

    Талай жыл тұралап қалған Ақсу зауыты өткен жылы ішінара жаңартылғаны болмаса, негізінен 1967 жылғы көне құрылғыларын жамап-жасқап, жөндеудің арқасында іске қосылған болатын. Зауыттың тамырына қан жүгірткеннен кейін «Жетісу» ӘКК мен зауыт басшылығы бірлесіп физикалық та, моральдық тұрғыда да тозығы жеткен құрал-жабдықтарды толықтай қайта жаңғыртуға кірісті. Бүгінгі күні мұнда Ресейден, Украинадан, Германиядан, Франциядан, Қытайдан әкелінген заманауи құрал-жабдықтар орнатылып, жөндеу-жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Зауыт директоры Самат Надирбаевтың айтуынша, жаңғыртудың қазіргі екінші кезеңіндегі жөндеу-іске қосу жұмыстарына 280 адам тартылып отыр. Олардың арасында шетелдік мамандар да бар. Ал зауыт толық іске қосылғанда қызылша өңдеу ісіне жергілікті 600 адам жұмысқа қабылданатын болады. Бүгінгі күнге дейін технологиялық құралдарды жөндеу-орнату шамамен 84 % аяқталды. Зауыттың сынамалық іске қосу мерзімі 15 қыркүйекке, ал толық іске қосылуы 15 қазанға белгіленіп отыр. 20 мың тонна алғашқы қызылша көлемін жинап алғаннан кейін кәсіпорын тоқтаусыз жұмысқа кіріспек.

    Егер жоспарланғанындай биылғы жылы 130 мың тонна қант қызылшасы өңделетін болса, одан шамамен 22 мың тонна жом алынады екен. Бұрын өткізілетін орынға жом жүк көлігінде ашық-шашық күйде тасымалданып, жол бойы суы ағып, тиісті жерге жеткенше сапасы төмендеп кететін. Ал енді биылдан бастап жомды пресстеп, жаңа құрылғымен қаптамаға орауға жағдай жасалып отыр. Оралған күйіндегі жом 2 жылға дейін сапасын жоғалтпай сақталады. Және ешқандай химикатсыз, экологиялық таза өнім — мал бордақылау алаңдары үшін таптырмас азық. Алдағы уақытта бұл дайын өнімдерді отандық нарыққа, сонымен қатар шетелге де экспорттауға мүмкіндік тумақ.

    Зауыттың жом тығыздау, қызылша өңдеу, дайын өнімдерді қаптау және т.б. цехтарын аралап көрген облыс әкімі А. Баталов жылу-электр орталығының дайындығын, отын қоры туралы да сұрап білді. Зауыт мамандарының айтуынша, әзірге ЖЭО қазандықтары іске қосуға дайын. Келесі жылы жаңа ЖЭО құрылысын салып, қазіргі қолданыстағы қазандықтар резерв ретінде пайдаланылатын болады.

    Сапар соңында облыс басшысы А. Баталов зауыт басшылығына қарата:

    — «Жетісу» ӘКК арқылы бөлінген әрбір тиын үшін есеп бересіздер. Мемлекеттің қаржысы жаңғырту, іске қосу жұмыстарына мақсатты қолданылуы керек, — деп атап өтті.

    Сондай-ақ зауыттың жұмыс істеуі – жергілікті халық үшін де, облыс экономикасы үшін де үлкен серпіліс екенін айта келе:

    — Елбасының талабы – қант қызылшасын өсіру көлемін арттырып, оны өңдеу ісін жаңа озық технологиялар арқылы жолға қою. Біздің бұл тапсырманы орындаудағы бағытымыз айқын. Ирригациялық жүйлерді қалпына келтіруге Ислам банкі арқылы қаржы тартып, жұмыс істей бастадық. Қызылша өсіруші шаруаларға агротехникалық көмек көрсетіп, өнім сапасын арттыруға ықпал етіп отырмыз. Биылғы жылы әр гектардың шығымы өткен жылғыдан да жоғарылап, жақсы көрсеткішке жетеміз деп жоспарлаудамыз. Оған қоса мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Ақсу қант зауытын іске қостық. Жаңа технологиялардың арқасында жылдан жылға зауыттағы өңделген қызылшаның қанттылығы да артып, 14 %-ке жетеді деп отырмыз. Ақсу зауыты 2020-2021 жылға қарай толық қуатына шығып, 350 мың тоннаға дейін қызылша өңдейтін болады, — деді қорытынды сөзінде.

    Сонымен қатар зауытта білікті кадрларды ұстап тұру үшін оларға жағдай жасау керектігін ескерткен облыс басшысы кәсіпорынның білікті мамандарын тұрғын үймен қамту мәселесін шешуді аудан әкімі Ә. Далбағаевқа тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.