Өзбекстанның Премьер-министр Абдулла Арипов жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 20 тамызда «Карасу — Бука — Бекабад» тасжолында болған. Елдің премьер-министрі және оның орынбасары Алишер Султонов, Президент аппаратының жауапты қызметкері Құрбанов отырған Mercedes-Benz көлігіне Damas микровэн соғылған.
Хабарламаға қарағанда, микровэннің жүргізушісі Бахтиёр Сайидов көлігін басқара алмай қалып, қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысқан. Көлік оқиғасынан премьер-министр Абдулла Арипов жеңіл жарақаттанса, ал оның орынбасарының аяғы, қабырғасы сынған. Құрбановты дәрігерлер қарап, үйіне жіберді. Өзбекстанның Бас прокутурасы осы көлік апатын тексеріп жатыр.