• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-Министр Шымкенттегі серпінді жобалармен танысты

21.08.2018
0

Әуежайға жаңа терминал салынады

Шымкент қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте шаһардың ірі серпінді жобалары, алға қойып отырған мақсат-міндеттер таныстырылды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Шымкенттің еліміздің үшінші мегаполисі атанған тарихи оқиғамен құттықтады. Бұл жаңалық шаһарды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әр қалалықтың өміріне жаңа серпін беретінін атап өтті.

– Шымкент жаңа мегаполис болып жатыр. Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық мәртебе берілді. Бұл – үлкен жауапкершілік. Енді қалада біраз өзгерістер болады. Жаңа жұмыс орындары көбейеді, қаланың инфрақұрылымы жаңарып, инвестицияға жол ашылады, бір сөзбен айтқанда жұмыс ауқымды бола түседі, – деді кіріспе сөзінде Үкімет басшысы.

   

Бұдан соң Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет мүшелерінің алдында шаһарда жоспарланып отырған жобаларды таныстырды.

– Өздеріңіз білетіндей, Елбасымыз 19 маусымда Шымкент қаласына республикалық мәртебе беру бойынша Жарлыққа қол қою рәсімінде Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналдыруды тапсырды. Сонымен қатар, өзіңізге белгілі, Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып анықталды, – деді шаһар басшысы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, 2020 жылы Шымкент әуежайының жаңа терминалы мен теміржол вокзалының ғимараты бой көтермек. Бұл жобаға сәйкес қазір қала әкімдігі «SCAT» компаниясының қаражаты есебінен жаңа терминал салу бойынша келісім жасаған. Нақты айтсақ, «SCAT» авиакомпаниясы 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақ. Ал жаңа вокзал бойынша құрылыс жұмыстарын «Қазақстан теміржолы» компаниясы өз жауапкершілігіне алып отыр.

Агро-индустриалды аймақтар дамиды

Мәжілісте Шымкенттің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл ретте Алматы-Ташкент бағытында транзитті жақсарту үшін А-2 айналма жолын (31 км) қайта құру қажеттігі айтылды. Қала әкімі, сондай-ақ екі, елдің арасындағы қарым-қатынастың бұдан әрі дамуы үшін «Шымкент-Ташкент» жүйрік теміржол экспресін іске қосуды ұсынды. Тағы бір айта кетерлігі, қаланың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыру және көлік жүктемесін азайту үшін Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын бастау көзделуде. Бұл жобаларды қуаттап пікір білдірген Б.Сағынтаев құжаттамалардың барлығы дер кезінде дайындалуы керегін және тиісінше республикалық бюджеттен қаржы бөлінетінін жеткізді.

 Шымкентте қазір «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтары бар. Бұл аймақтарға 58,5 млрд тенге инвестиция құйылып, 66 кәсіпорын іске қосылды, 4 890 жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың соңына дейін осы аймақтарға 38,3 млрд теңге инвестиция салып, 2 047 жұмыс орны бар 14 кәсіпорын ашу жоспарланған. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша агроөнеркәсіпті дамыту үшін 136 гектарға АГРО – индустриалдық аймақты құру жоспарлануда. Мұнда сауда-логистикалық орталық, қоймалар, көкөніс сақтау қоймалары, автовокзал, бизнес-орталық және қонақүй орналаспақ.

Қала әкімінің баяндамасынан соң Үкімет басшысы Б.Сағынтаев жиынды қорытып, мәжілісте талқыланған жобалардың маңыздылығына, бұл бойынша алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталды.

– Елбасы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастама ұсынған болатын. Алдағы жұмыстардың бәрі де осы жоспар негізінде жүзеге асуы тиіс. Ең алдымен тұрғындардың баспанамен қамтылуы, агросаланың дамуы, микрокредит мәселелеріне жете мән беру қажет. Сосын жоғарғы оқу орындарының көбісі қазір Шымкентте қалды. Яғни, студенттердің жатақханасын шешу де кезек күттірмейтін міндеттің бірі. Шымкенттің болашағы жарқын, тұрғындары кәсіпке бейім, алда қаланың көркеюіне ерекше көңіл бөлінетін болады. Қазір қаржылық жағынан Шымкенттің бөлу балансын өз мерзіміне сай 2 ай ішінде реттейміз деп отырмыз. Елбасымыздың, Үкіметтің тапсырмаларын орындауда және Шымкент қаласының дамуы жолында аянбай еңбек ете берейік, – деп аяқтады сөзін Үкімет басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.