Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Баум бағынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды
    Жаңалықтар

    Баум бағынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.08.2018463 Views

    Табиғи ескерткіш болып табылатын «Баум бағының» аумағы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Маусым айының соңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес басып алынған жер телімдерін қайтаруды және оны жасылдандыруды тапсырған еді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаолистің ең үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер учаскелері қалаға қайтарылды.

    Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның төрт постысы іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко-стильдегі навигациялық тақтайшалар, орындықтар қойылды. Терек, емен, қайың аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған.

    Ағаштардың иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттарды арқылы жасыл желектер биологиялық өңдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған

    baum2

    Айта кетерлігі, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Әкімдіктің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакентке» 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімі күшін жойды. «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы «Южный» паркі учаскесінде тұрғын салудан өз еркімен бас тартты.

    Екінші деңгейлі банктің бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған.

    Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен «Сайран» автовокзалын тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала жасалған тізіміне енгізді.

    Өткен аптада мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесі бойындағы Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматы қаласы тарихының ескерткіштері тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

    Ғимаратты тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізу оның сыртқы келбетін және ішін,конструкцияларын, құрылысын, мақсатты пайдаланылуын өзгертуге және қорғалатын аумағын бұзуға тыйым салыады. Нысанды өзгертуге,жөндеуге және реконструкциялауға қатысты кез-келген шаралар өкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.