• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кесене қақпасы мен көшелердің тарихи қалпы жанданбақ

18.08.2018
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде киелі өңірді тарихи қалпына келтіру, абаттандыру мақсатында жиын өтті.

img-20180817-wa0080
Айтулы жиынға Түркияның «Sembol Construction» құрылыс компаниясының корпоративтік техникалық департаментінің директоры Selcuk Yelken және «Казреставрация» мекемесінің өкілдері мен тарихшы – археологтар, музей қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

img-20180817-wa0084
Шарада «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы тарихи қорғау аймағының жағдайымен, онда орналасқан ескерткіш құрылыстары және тарихы жөнінде сөз етті.
«Кесененің әрбір қақпасының мәні мен мазмұны, тарихы жөнінде бәріңіз білесіздер. Мұндағы әрбір ғимарат, жол, тіпті кірпіш пен ою-өрнекке дейін құнды. Әрқайсысының -өзінің өткені, бүгіні және болашағы бар. Біздің мақсат – тарихи мұраларды кеңінен насихаттау, қорғау және оны таныту. Ол үшін аталған орындардың тарихи қалпын сақтай отырып, келбетіне мән беруіміз қажет. Мекеменің күн тәртібіне қойылған бұл мәселені шешу үшін баршаңыздың басыңызды қосып, жинап отырмыз. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара отырып, нысандардың тарихи тұтастығын қалпына келтіруге шақырамын»,-деді музей басшысы Н.Ахметжанов.

img-20180817-wa0085
Жиында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағында орналасқан «Жеті ата», «Тәкия», «Мүсәлә», «Дарбаза» қақпаларын бір-бірімен байланыстыратын қорғандар мен көне мешіттер және көшелерді тарихи қалпына келтіру бойынша мәселелер талқыланды.  Сонымен қатар, түркиялық  Selcuk Yelken өңірдің туристік потенциалын дамыту мақсатында киелі жерлердің көне келбетін сезіндіретін және абаттандыру кезінде түрлі гүлдердің тарихи сезім сыйлайтын өзгеше әсемдікпен егілуі сынды бірқатар жобаларын ұсынды.
Белгілі ғалым, археолог Марат Тұяқбаев кесене аумағында әлі де ашылмаған тарихи мағлұматтар мол екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, көне базар орны, көше мен қақпалардың тарихы, маңызы жөнінде де сөз етті.

img-20180817-wa0081
Сондай-ақ, қорық- музей қорында 25000 дана құнды тарихи жəдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнографиялық жəне нумизматикалық тобына жататын жəдігерлер талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар  орнатылған. Алайда,  аталған жәдігерлерді келушілерге толықтай көрсету мүмкін емес. Осы орайда кесенеге қарасты Гарнизон штабында экспонаттарға арналған арнайы ғимарат жасақтау мәселесі де айтылды.

img-20180817-wa0092
Басқосу алдағы уақытта кеңейтілген отырыспен қайта ұйымдастырылмақ. Себебі, туристер мен барша келушілерге тиімді жағдай жасап,  әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның аумағындағы тарихи жерлердің төл бейнесін,  көне қалпын таныту басты назарға алынған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.