• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті

17.08.2018
0

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Астананың сол жағалауындағы енді дамып келе жатқан жаңа ауданда орналасқан Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Елордамызда көшеге ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың атының берілуі бауырлас елдер — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық-туыстық байланыстың тамаша үлгісі.

Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмір жолы қазақ топырағымен тікелей байланысты. Ол өзінің естеліктерінде: «Мен шетке шыққанда әрқашан қастерлеп жүретін екі асылым бар – біріншісі Манас эпосы, екіншісі – Мұхтар Әуезов», деп кездейсоқ жазған жоқ.

«Шыңғыс Айтматов – екі елге тең тұлға, бәріміздің ортақ мақтанышымыз. Бәріміз ұлы қаламгердің шығармашылығын қатар оқып өстік. Бүгінде де өскелең жас ұрпақ Шыңғыс ағамызды сүйіп оқиды. Өйткені оның шығармалары бізге өте жақын. Онда екі туысқан халықтың қилы тағдыры мен терең тамыры жатыр», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астана көшелерінің біріне ұлы жазушының есімін беру туралы шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

«Шыңғыс Айтматов қазақ-қырғыз халықтарының ұлттық игілігі. Қазақстан елордасы көшелерінің біріне жазушы есімінің берілуі өте қуанышты жағдай, себебі Астана – Еуразияның басты әрі күн сайын гүлденіп жатқан қалаларының бірі. Барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бауырлас қазақ халқының барлық жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз», — деді Мухаммедкалый Абылгазиев.

Қазіргі таңда Бішкек қаласында Абай, Ш. Уәлиханов және М. Әуезов атындағы көшелер бар.

Айта кету керек, Ш. Айтматов атындағы көше (еск. бұрынғы атауы — №199 көше) жалпы маңызы бар магистральді жол, сегіз қозғалыс жолағы бар. Көше 2016 жылы 1,8 шақырым ұзындықта Қорғалжын тас жолынан Е-10 (Сығанақ) көшесіне дейінгі учаскеде салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде көшені Е-10 (Сығанақ) көшесінен Ұлы дала көшесіне дейін 3 шақырымға ұзартып салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы 2019 жылы басталады, ал құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған.

Көше мен оның аумағын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы Астана қ. бас сәулетшісінің орынбасары Антон Максимов баяндады.

aytmatov

«Шыңғыс Айтматов көшесі – елорданың басты көшелерінің бірі, 2020 жылы іске қосылатын айналма жолдың бір бөлігі болып табылатын көлік магистралі. Сонымен қатар, ол Талдыкөл көліндегі “Нұржол” желекжолы өсінің бастауы, оның аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ауданның барлық нысандары жаңа, қайта жөнделген нысандар жоқ. Көше бойынша 2 млн м² тұрғын үйге, жүздеген ғимараттарға, мыңдаған пәтерлерге Шыңғыс Айтматовтың есімі беріледі», — деді А. Максимов.

Бұдан өзге, Астананың бас сәулетшісінің орынбасарының мәлімдеуінше, Қорғалжын тас жолынан бастап Талдыкөл көлінің бойында, көшенің ұзына бойымен демалыс саябақтары, инфрақұрылым нысандары орналасатын жаңа рекреациялық аймақ құру жоспарланған.

«Биыл жобалау жұмыстарын аяқтап, оңтүстік бағытта Ұлы дала көшесіне дейін көшені жалғастырамыз. Шыңғыс Айтматов көшесінің шығыс бөлігіне – құрылыс нысандары салынады, ал батыс бөлігі – рекреация аймағы, қалпына келтірілуі, көгалдандыруы, абаттандырылуы тиіс Талдыкөл көлі. Кеңес одағында ең көгалдандырылған қалалардың бірі болған Фрунзе қаласы мен қаладағы ең жасыл көше болуы тиісті Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесі арасында үлкен байланыс бар», — деп сөзін қорытындылады А. Максимов.

Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін, Премьер-Министрлер Б. Сағынтаев пен М. Абылгазиев елорданың бірқатар ірі нысандарын аралады: бұл «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу аумағында орналасқан «Нұр Әлем» павильоны мен АТ-хаб, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Ұлттық музей.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Астанаға 2018 жылғы 17 тамызда өтетін Қазақстан–Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысу үшін келді.

Анықтама: Шыңғыс Айтматов (1928–2008) — танымал қырғыз жазушысы, мемлекет қайраткері. Еуропа академияларының құрметті академигі, Қырғызстанның және КСРО-ның Жоғары кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланған. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты (1993 ж.).

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

№2 АУРУХАНА ЖАҢА КОРПУСПЕН ТОЛЫҒАДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

7 МЫҢ АНАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПЕРЗЕНТХАНА

Айғақ медиа
01.10.2026
0

Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.