Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.08.2018166 Views

    Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

    «Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған. Үкімет көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс жасау қажет. Сонымен қатар, бұған дейін қабылданған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарламаларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессиясының қорытындысы бойынша Сенат депутаттары салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді.

    Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Бесінші саммитінің нәтижелеріне арнайы тоқталды.

    «Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде», — деді Мемлекет басшысы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.