Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында 242 түлек біліктілігін арттырды
    Жаңалықтар

    Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында 242 түлек біліктілігін арттырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.08.2018360 Views

    Шаһарымыздағы ҚР ІІМ-не қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында 242 түлек біліктілігін арттырды. Бүгін аталған оқу орталығын тәмамдаған бітірушілерге  құқық қорғау органдарына қызметке тұру мақсатында арнайы бастапқы оқыту курсынан өткені үшін  сертификат тапсырылды. Салтанатты түрде ұйымдастырылған шара барысында бірқатар ардагерлер марапат төрінен көрінді.

    00031-mts-still001

    Қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмысты ашу, яғни қауіпсіздікті сақтау полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Ал, бұл міндетті асқан қырағылықпен жауапкершілікпен атқару оңайға соқпасы анық. Дегенмен, бұл саланың өзіндік қиындығымен қызығы да бар. Салтанатты шарада арман қуып келген бітіруші түлектер ҚР ІІМ-не қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Сұңғат Тленшиннің алғысына бөленді.

    00048-mts-still001

    00038-mts-still001

    Бүгінде ел ішіндегі келеңсіз оқиғалардың алдын алып тәртіпті күшейтуде бар қиындыққа төзіп талай жылын осы салаға арнаған ардагер қызметкерлері де баршылық. Өткен шарада өз  қызметін абыроймен атқарған ардагер ағаларға жедел іздестіру саласына 100 жыл төсбелгісі табысталды. Мемлекет басшысы ұлт жоспарын жүзеге асыруда ІІО-на   көптеген міндет жүктеп, осы саланың қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейткен болатын. Мәселен, 30-шы нақты қадамын да жергілікті атқарушы органдарға және қоғам алдында  есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру туралы тапсырма берді. Ол өз кезегінде әрбір қоғам сақшысының алдында маңызды жауаптар жүктеген. Өткен шара барысында сертификатқа ие болған түлектер алдағы уақытта  Елбасының тапсырмасын тианақтылықпен атқарып, халықтың қорғанына айналу міндеті тұрғанын тілге тиек етті.

    00034-mts-still001

     

    Естеріңізге сала кетсек аталған оқу орталдығында күні кеше спартакиада өткен болатын. Кең көлемде ұйымдастырылған бүгінгі жиында өткен спорттық жарыстығң қортындысы бойынша жеңімпаз бітірушілер алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ шара соңы әуезді әнмен жалғасты.

    Мақсат Тоқсанбай

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.