Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Солтүстікке қоныс аударған түркістандықтар
    Жаңалықтар

    Солтүстікке қоныс аударған түркістандықтар

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.08.2018569 Views

    Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Имантау ауылында еңбекпен есейген қос қария тұрып жатыр.  Жасы жетпістен асқан Бердібек Төлегенов Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы. Туған жерінде шаруашылыққа бейімделіп өскен ол, бақытын еңбектен тапқан.

    ozero-imantau

    Сарыағаш ауданында найб имам болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Кейін жеке кәсіпке ынта қойып, қажырлы қайсар мінезі Солтүстікке жетелеген.

    berdibek-tolegenov

    Арқаның тың жерін игеріп, қазіргі таңда картоп өнімдерін өсіріп отыр. Еңбекпен шыңдалып өскен қария табиғаты таңғажайып Имантау ауылына осыдан үш жыл бұрын қоныс аударыпты. Алғашында жүрегінің сырқаттығына байланысты әсем табиғатқа қызығып, демалуға келіп тұрған. Кейіннен бұл өлкенің самал желі, таза ауасы сырқатына ем болыпты. Қазір картоп егіп, шабық шауып Аллаға шүкірлік айтып жүр.

    kartoshkaЖұбайы Гүлсара Төлегенова үйрек пен қаз өсіру бизнесін ұршықша иіріп отыр. Алпыстан асқан ақ жаулықты жерлесіміздің де денсаулығы сыр берген. Бірақ Қызылжардың ауа-райы майдай жағып, арманы алға жетелепті. Қазір қос қария Имантау ауылына үлгілі отбасы болып, ынтымағымен ұйып отыр.

    ata-apa

    nemere-2

    nemere

    Бүгінгі күнннің қаһарманы болып отырған зейнеткерлердің мемлекетке алақан жаймай, өз бетінше шаруашылықпен айналысып отырғандары қызықтырды. Бақытқа тек еңбекпен жетуді көздеген қариялардың тірліктері бүгінгі жастарға үлгі. Қиындықтан қашпай, шаруашылыққа үлес қосып отыр. Елбасының көші-қон саясатын қолдаған қарияларға қарап, ақын Абайдың сөзі еріксіз еске түседі. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға».

    Бағлан Байкөбекқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.