Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Түркістан облысының Құрмет грамотасымен қалай және кімдер наградталады?
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Түркістан облысының Құрмет грамотасымен қалай және кімдер наградталады?

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.08.2018916 Views

    Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау ережесінің жобасы қаралып, Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тарапынан колдау тапты.

    Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау ережесінің талаптарын оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз. Атап айтқанда:

    1.Түркістан облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Түркістан облысының алдына сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, облыс көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және  қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындаға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары эәне ұйымдар наградталады.

    2.Түркістан облыстық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, Түркістан облысының әкімі, Түркістан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Түркістан облысының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Түркістан облысының аудандары мен қалаларының мәслихаттары және әкімдері, Түркістан облысының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

    Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың облыс алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

    3.Түркістан облыстық мәлихатына келіп түскен ұсынымды алдын ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

    4.Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

    5.Грамотамен наградтау туралы шешім Түркістан облыстық мәслихатының сесиясында қабылданады.

    5.Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Түркістан облыстық мәслихатының сессиялары және тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысымен қаралуы және шешілуі мүмкін.

    6.Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына жеткізіледі.

    7.Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

    8.Грамота Түркістан облыстық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түркістан облысында өткізілген ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.

    9.Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

    Дайындаған: Айдар Дидар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.