Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 10 тамыз 2018 жылғы бұйрығы негізінде Түркістан облысы Келес ауданының прокуроры — Б.С.Сейфолла, Мақтаарал ауданының прокуроры — Ж.Ж.Ботабеков, Жетісай ауданының прокуроры — Н.Ш.Асқанбеков және Созақ ауданының прокуроры болып А.Т.Досаев тағайындалды.
Бақыт Сабырханұлы Сейфолла — 27 желтоқсан 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында туылған, Мирас университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орыны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары.
Жұмағали Жорабекұлы Ботабеков — 21 шілде 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туылған, Оңтүстік Қазақстан аймақтық гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орыны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі.
Нұрғали ШекербекұлыАсқанбеков — 07 қыркүйек 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, Қазақ мемлекеттік Заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орыны – Мақтаарал ауданының прокуроры.
Айтболат Тайырханұлы Досаев — 22 шілде 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орыны – Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары.