Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің аппаратында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Жаңадан құрылымдалған басқармаларға басшылар тағайындалды. Атап айтсақ, жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Агибаев Жәнібек Есенұлы тағайындалса,
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Аманқұлов Нұрлан Әмірбекұлы келді.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып Дүйсенов Берік Тастанбекұлы тағайындалды.
Білім басқармасы басқармасының басшысы қызметіне Ақерке Абылайхан келсе,
ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына Қаныбеков Асқар Сәкенұлы тағайындалды.
Ал, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қалтаев Жандос Тулембекұлы тағайындалып отыр.
Облыстық қаржы, экономика және облыс әкімі аппаратында қызмет атқарған Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына жайғасты.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының тағы бір орынбасары болып Мырзатаев Шалқар Бауыржанұлы тағайындалды.
Шалқар Бауыржанұлы, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің Астанадағы өкілі болып қызмет атқарды.
Катаев Нұржан Жолымбекұлы болса, бұдан былай «Ордабасы» футбол клубының президенті болып қызмет атқарады.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметіне Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы тағайындалды.
Соңғы 4 жыл бойы Түркістан облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметін атқарған.