• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада Еуразиялық Медиа Форум өтуде

21.04.2016
0

20 сәуір күні Еуразиялық Медиа форум өз жұмысын бастады. Яғни, шараның алғашқы күнінде Астанаға әлемнің 50 елінен келген 400-ден астам саясаткерлер, ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және экономистер тіркеуден өтіп,  шеберлік сағатына қатысты. Ұлыбританиядан келген тәуелсіз саяси кеңесші жүргізген шеберлік сағатында дұрыс имидж қалыптастырудың жолдары талқыланды. Үш күнге белгіленген ашық пікір алаңда жаһандағы шиеленіскен жайттар сараланып, саяси тұрақтылық пен аймақтағы қауіпсіздікті сақтаудың тетіктері пысықталмақ. Елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді.photo_182800«Еуразиялық медиа форум қатысушыларын Қазақстан жері әрдайым құшақ жая қарсы алады. Форум әлемнің жетекші диалог алаңдарының біріне айналды. Онда қазіргі заманның ең өзекті мәселелері талқыланады. Дамудың жаңа парадигмалары қалыптасып, болашақтың сұлбасы жасалады. Бүгінгі таңда әлем барша адамзатқа теңдессіз сын-қатерлер төндірген жаңа дәуірге аяқ басады. Жаңа әлемнің, бәріміздің ортақ болашағымыздың қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Мен «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесті ұсындым. Оның мақсаты — Жер бетінде соғыс атаулыны түп-тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жасампаздық сындарлы диалог салтанат құратын дәуір болуы тиіс. Сол себепті, Еуразиялық медиа форумның алаңында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа қосылар баға жетпес үлес. Форум жұмысының нәтижесі, сіздердің жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз дүниежүзілік коммуникацияның жаһандық диалогты дамытуға зор серпін береріне сенімдімін. Форумның барша қатысушыларына жемісті жұмыс пен бар жақсылықтарды тілеймін», — делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

Жыл сайын ауқымды шараға қатысуға ниет білдіргендердің қатары көбеюде. Бұл осымен XIII рет өткізіліп отырған Медиа форумның өзектілігі жыл санап артып келе жатқандығының айқын көрінісі. Шара барысында әлемдік саясатта салмағы бар бірнеше тұлға баяндама жасайды. Биыл сикерлер қатарында Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, Риз Хан, Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро сынды танымал саясаткерлермен қатар, Қазақстаннан саясаттанушы Ерлан Карин, Экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Сүлейменов, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтар бар.Хамид Карзай

Джек СтроРиз Хан

Ал, Астана төрінде өтіп жатқан Еуразиялық Медиа Форумға ОҚО-нан делегат болып барғандардың қатарында «Айғақ» Телерадиокомпаниясының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, «Шаян» аудандық газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Абзал Әділбеков, телеарнаның редакторы Салтанат Тойболова мен журналист Ботагөз Мәдібек, телеоператор Ақжол Рахманқұловтар бар. Айта кетейік, XIII Еуразиялық медиафорум тақырыбы «Қазақстан – бүгінгі геосаяси аренада өз орнын қалыптастырып келе жатқан жас мемлекет» деп аталады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.