Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сенат депутаттығына Шымкент қаласынан үміткерлер анықталды
    Жаңалықтар

    Сенат депутаттығына Шымкент қаласынан үміткерлер анықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.08.2018253 Views

    Өткен аптада, Елбасы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

    Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізудің мерзімі 2018 жылдың 5-қазаны күні деп белгіленді. Осыған сәйкес, Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 36-шы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласының сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

    1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

    2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

    39083439_1757766154341798_9046070864843374592_n

    39042028_1757766227675124_2681615706599981056_n

    Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.

    39109204_1757766314341782_1204530553190088704_n

    Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Шымкент қаласының мәслихатын 20 жылдай басқарған мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровты кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан  шешім қабылдады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.