Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қалалық білім беру басқармасының басшысы қызметіне «Болашақ» бағдарламасының түлегі келді
    Жаңалықтар

    Шымкент қалалық білім беру басқармасының басшысы қызметіне «Болашақ» бағдарламасының түлегі келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.08.2018802 Views

    Шымкент қалалық білім беру басқармасының тізгінін мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі, оқытушылар әулетінің жарқын өкілі ұстамақ.
    Айта кетейік, Ақерке Абылайхан 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аркат ауылында дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін ол ата-анасының, яғни, оқытушылық жолымен жүріп, Ш.Құдайбергенов атындағы Семей педагогикалық институтына түседі. 1997 жылы «биология және химия» пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Содан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, одан кейін Хемниц техникалық университетінде (Германия) білімін жалғастырады.
    Философия ғылымдары бойынша Доктор PhD-ғылымдарының кандидаты (Ph.D.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD- докторы (неміс жүйесінде) оқытушылық дәрежелеріне ие.
    Бірқатар мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие болған. Бұл қатарда,  БҒМ-нің құрмет грамотасымен және белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ТМД-ның Білім беру жобалары жөніндегі Атқарушы комитетінің, сондай-ақ ШЫҰ-ның медалімен марапатталған.
    Осы жылдар ішінде ол ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі болды; Білім беру жобалары бойынша ТМД сараптамалық тобының төрағасы, ҚР СІМ-нің Ресми дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.
    2016 жылы Германия Үкіметінің білім беру бағдарламасы «дуалды оқыту» (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар (Сеул) семинарына қатысты.
    2018 жылы — БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі болды.
    Еңбек жолын Семей мемлекеттік университетінде интерн-педагог ретінде бастаған.
    Содан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Хемниц техникалық университетінде (Германия) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
    2006 жылдан бастап 12 жыл бойы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде — кафедра меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Даму стратегиясы департаментінің халықаралық бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы, БҒМ-нің Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары және ҚР БҒМ-нің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Саяси басқару академиясы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
    Қазақ тілімен қатар, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.