Даңғылдың бір бөлігінде қазір құрылыс жүріп жатыр, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жергілікті билік өкілдері көшенің бұл бөлігі өз атауына толық сай болады деп уəде беруде. Болашақ қазірден басталатындықтан, қала əкімі құрылыстың əр кезеңін бақылауына алды.

Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрікті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.

Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.











