Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.08.2018231 Views

    Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның тұңғыш президенті Гейдар Әлиевтің кезінде басталған Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеу үдерісі бүгінде тиісті Конвенцияға қол қою арқылы өзінің логикалық мәресіне жеткенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    Қазақстан Президенті кеше өңірдегі барлық елдер, соның ішінде Әзербайжан үшін жаңа көлік-логистикалық мүмкіндіктер беретін елеулі оқиға – Құрық порты мультимодальды хабының ашылғанын айтты.

    – Біз бүкіл Қазақстан арқылы жүріп өтетін темір жол және 6 автомобиль жолын салдық. Соның ішінде екі жол Қытаймен шекарада орналасқан. Тынық мұхитының Ляньюньган портында логистикалық терминал тұрғызып, бүкіл Қазақстан арқылы өтетін заманауи автобан салдық, – деді Мемлекет басшысы.

    Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты Каспийде мультимодальды хабтың ашылуымен, сондай-ақ Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін зор жетістіктермен құттықтады.

    – Мен бауырлас Қазақстан жеріне тағы да келгеніме қуаныштымын. Маңғыстау өңірі бізге тарихи жағынан да, географиялық тұрғыдан да жақын. Құрық портының жаңа мүмкіндіктері ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түседі, – деді Әзербайжан Президенті.

    И.Әлиев биылғы мамыр айында көлік легі интеграциясын толық қамтамасыз ететін Аляк портының ашылғанын атап өтіп, екі елдің транзит мүмкіндігін пайдаланудың саяси және экономикалық тиімділігіне тоқталды.

    – Каспий сыртқы көлік күре тамырына айналды. Көптеген күрделі мәселелер жөнінде келісімге қол жеткізу ісіндегі Сіздің рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз Конвенцияның барлық ережелерінің орындалуына, Каспий теңізінің өңір тұрақтылығын әрі қарай да қамтамасыз ете беруіне ұмтылатын боламыз, – деді Әзербайжан Республикасының Президенті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.