Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.08.20181 371 Views

    Қазақстанның халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы Елордасы-Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға — 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

    img-20180810-wa0013
    Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Әлішеріқызының еліміздің дамуы жолында қосқан елеулі үлесі үшін берілген тарихи марапатты Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын шаңырағына барып, арнайы табыс етті.

    img-20180810-wa0010
    «Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. Кеңестік кезеңнің өзінде ақын ретінде ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтағансыз. Тәуелсіздік тұсындағы еңбегіңіз — бір төбе. Құрмет пен марапатқа кенде емессіз. Десек те, бүгінгі төсбелгінің орны ерекше. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Сіз жүйелі түрде халық арасында насихаттап, жүзеге асырып келесіз. Әлі де осы игілікті ісіңізді жалғастыра беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын»-деп, ана кеудесіне еңбектің адал төсбелгісін таққан аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы қаншама ұлылар дүниеге келген Отырар өңірі асыл ақынымен де ерекше екенін жеткізді.

    img-20180810-wa0009

    img-20180810-wa0015
    Әселхан Әлішерқызы — Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының,  Көксарай ауылында дүниеге келген. Ол «Сыр бойының сүлейі» атанған Ергөбек Құттыбайұлының немересі. Ақын ана көптеген халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы атанған. Оның «Алладан пәрмен сұраған», «Басыңды тікпей бақ қайда?», «Әселхан әлемі», «Сырттап кеткен тамырлар» кітаптары жарық көрген. Қазіргі күнге дейін болашақ сұлу сөз сүлейлерін тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етіп, айтыс аламанына көптеген жас ақындарды қосып, қазақ өнерін ұрпақ баласына айрықша дәріптеумен келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.