Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толды. Осыған орай, «Ұлы дала көші» жобасын жүзеге асырушылар мен жазушы Серік Жанәбіл Қарағанды облысындағы Абай қаласына тоқтап, ақынның ескерткішіне тағзым етті. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Дара тұлғаның барлық өлеңдері, қара сөздері, поэмалары халықты бірлікке, теңдікке және өнегеге үндейді. Дала данышпанының өсиеттері кейінгі бүгінгі және келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Айта кетейік, бұл шығармашылық топ Солтүстік Қазақстан облысына жол тартып барады. Мақсат — Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан қоныс аударған жерлестердің тыныс тіршілігімен танысу.
Бағлан Байкөбекқызы.