Облыстық білім басқармасы алғашқылардың бірі болып Түркістан облысына көшіп барды. Білім басқармаларының кадр мамандары мен басқарма басшылары, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Аймағанбетов Асхат қатысуда.
Жиында білім саласына цифрландыруды ендіру, педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі және білім беру сапасын жетілдіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар білікті педагог қызметкерлеріне сертификат табысталды. Республиканың барлық аймағындағы білім басқармаларының өкілдері қатысатын жиын өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Келелі басқосудан кейін облыстық білім басқармасының жаңа офисі таныстырылды.