Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әл-Фараби ауданында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды
    Жаңалықтар

    Әл-Фараби ауданында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.20181 657 Views

    Әл-Фараби ауданы бойынша «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды. Мақсат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыра отырып жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету. Акция барысында арнайы құрылған мобильдік топпен арнамыздың түсірілім тобы да ғимараттарда орналасқан пандустардың жағдайымен танысып қайтты.

    Шыны керек мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын көп жағдайда түсіне бермейтініміз рас. Олар қажетінше қатынайтын мекемелер, дүкенде, дәріханалар сияқты көптеген нысандарда жүріп-тұрулары үшін арналған пандустар тым аз немесе мүлдем жоқ. Барларының өзі талапқа сай емес. Бірі тым биік болса, тағы бірі тарлау әрі тайғақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматарға бүгінгі таңда мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Елбасының әр жылғы Жолдауында жарымжан жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мәселесі айрықша назарға алынып келеді. Әл Фараби ауданы бойынша ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясының басты мақсаты да осы мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

    Әл-Фараби ауданы бойынша 64 мемлекеттік мекеме және 1011 жекеменшік нысан орналасқан. Бүгінде жекеменшік 971 нысанға толықтай пандус орнатылған. Ал қалған  216 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 176 жекеменшік нысандарға пандус орнатылды, қалған 40 нысанға жыл соңына дейін қойылатын болады. Мүгедек жандарға қолжетімді орта құру үшін жеке меншік нысандарға методикалық көмек көрсететін және зерделеу жұмыстарын жүргізетін топ құрылған. Аталған топ құрамында облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің маманы, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен құралған. Акция барысында пандустардың нормативтік талаптары бойынша мекеме өкілдеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кемшіліктерін жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

    Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында да анық көрсетілген.Сондықтан олардың қоғамға араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасау – әрбір мекем, ұжымбасшыларының басты міндеті. Егер Заңның талаптары орындалмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес, құзырлы мекемелер тарапнан айыппұл салынатын болады.

    Жансая ЕЛЕМЕСОВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.