Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттегі «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясының қорытындысы
    Жаңалықтар

    Шымкенттегі «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясының қорытындысы

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2018220 Views

    Ел аумағындағы үшінші мегаполистің қалалық әкімдігі әрбір сала жұмысындағы ең өзекті мәселелерді анықтауды қолға алған болатын, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, жол картасы, яғни, азаматтардың өтініштері бойынша түйіткілді мәселелерді шешуге бағытталған әкімдік әрекетінің жоспары дайындалмақ.

    Сауалнаманың нәтижесі бойынша, шағымның басым көпшілігін құраған 2074 азамат қоғамдық көліктің жұмысы мен автожолдардың сапасына қатысты пікір білдірген. Азаматтар жолаушылар көлігінің жетіспеушілігін, қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып шағымданыпты. Тағы бір өзекті мәселе ретінде, жол қалташалары мен павильондардың аздығы сынға алынған.

    Сонымен қатар, тұрғындар назардан тыс қалып қойған кейбір қала көшелеріне қиыршық тас немесе асфальт төсеуді сұрады.

    Сауалнама қорытындысында, екінші орын — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты болуда. Аталмыш сала бойынша 1995 шағым түсіпті. Қала тұрғындарының негізгі сауалдары коммуналдық жәрдемақылардың жоқтығына, сондай-ақ, аула аумақтарын абаттандыруға және қоқыстарды жоюға қатысты болды.

    Жергілікті полиция қызметі үшінші орында, нақты айтқанда, бұл сала бойынша 1328 шағым тіркелген. Азаматтар полиция қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындамайтынын және қызмет сапасының нашар екенін атап өткен.

    Жер қатынастары саласының мәселелері қала тұрғындарын да алаңдатады. Бұл салада 180 азамат жер телімдерін бөлу және оларды одан әрі заңдастыруға байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтаждығына алынған жер телімдеріне берілетін өтемақы сомасының тым төмендігін өткір сынға алған.

    Мектептер мен балабақша ғимараттарының құрылысы да өзекті мәселелер қатарында. Бұл сала бойынша 218 шағым қабылданған. Қаланың емханалары мен ауруханаларында көрсетілетін қызмет сапасы да осы көрсеткішке жетеқабыл.

    Айта кетейік, сауалнама барысында барлығы 10 000-ға жуық шағым қабылданған. Сауалнама оф-лайн режимінде де, онлайн жүйесінде де жүргізілді. Акцияның мерзімі 4 тамызға дейін, яғни, шектеулі болғанымен де, азаматтардың сауалдары мен шағымдарын қабылдау мұнан әрі де әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жалғасын табатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.