Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Кентау қарыштап дамып келеді
    Жаңалықтар

    Кентау қарыштап дамып келеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.04.2016309 Views

    Кентау қаласына 3 айдың ішінде 765 млн. теңгенің инвестициясы тартылған. Ауылшаруашылығы саласында да бірқатар өсім байқалады. Яғни, биыл 2100 га суармалы жерді игеру жоспарланса, бүгіннің өзінде 1470 га жер игеріліп үлгеріпті. Жалпы 100 нақты қадам аясында іске асып жатқан жүйелі жұмыстар мен тындырымды тірліктер туралы Кентау қаласының әкімі брифингте мәлімдеді. Кенді қалада өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 2 ірі, 6 орта және 8 кіші кәсіпорындардың еншісінде. Мұның нәтижесінде жұмыссыздардың  қатары азайып, халықтың әлеуеті де артып келеді. Жалпы Кентауда өнімнің көлемі жыл басынан бері 5 млрд. 167 млн-ға жеткен. Өз кезегінде индустриялды аймақ жобасы да қарқынды іске асып келеді.

    Sequence 01.Still004Аймақтың әлеуетінің артуымен қатар, халықтың тұрмыс тіршілігінің түзелуі мақсатында инфрақұрылым жұмысының 2-ші  кезеңі бастау алыпты. Моноқалалар қатарына кіретін Кентауда инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген  800 млн. теңге «Болашақ», «Батыс», «Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік-инфрақұрылымдарының құрылысына бағытталып отыр. Ал, биыл 7 бірдей білім ұясы күрделі жөндеуден өтсе, коммуналдық салаларда кезең кезеңімен іске асып, проблемалар шешіліп келеді. Кентау қаласында жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрайды. Яғни, ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны 1448 адам. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында тұрақты жұмыспен қамтылғандардың  саны 3 айда 39-ға жеткен. Жыл соңына дейінгі жоспар 80 азаматты қамту көзделіпті. Басты жұмыс көзі саналатын трансформатор  зауытының өнімі дағдарыстың салдарынан өтпей, бірқатар қиындықтар туындаса да мұнда жұмысшы саны қысқартылмаған.  Қалада діни ахуал да тұрақты. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін ақсақалдармен бірлесе әкімдік тарапынан жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.

    Еңлік Заманхан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.