Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: «ҰЛЫ ДАЛА КӨШІ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: «ҰЛЫ ДАЛА КӨШІ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2018551 Views

    «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы  «Ұлы Дала көші» жобасымен жолға шықты.  Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысына 53 отбасы, Қостанайға 19 отбасы қоныс аударған екен.

    Бағдарламаның басты мақсаты — ішкі көші-қонды насихаттау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еңбек нарығын жаңғырту мақсатында еңбеккерлерді артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігін атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына арнайы тармақ енгiзiп, бұл мәселенi шешудiң оңтайлы жолдарын белгiледi. Халқы тығыз, жұмыссыздығы басым оңтүстiк тұрғындарын жұмыс күшi тапшы өңiрлерге қарай көшiрiп, экономикалық тұрғыдан қолайлы етiп орналастыру — қос бірдей бастаманың негізі. Сондықтан да оңтүстік өңірінен солтүстікке көшіп, өз кәсібімен айналысып, қызметін атқарып жатқан қоныс аударушыларға «Айғақ» телеарнасы жақында ғана атауы өзгерген облыс Түркістандықтардың ыстық сәлемін алып бара жатыр. Ондағы отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс орындарының маңызын аша түспекпіз.

    img_6973

    Айта кетейік, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Дулат Әбіш жетекшілігімен «Айғақ» арнасының түсірілім тобында редактор Бағлан Байкөбекқызы, телеарнаның табалдырығын енді ғана аттаған жас журналист Тоғжан Нарбай бар. Сондай-ақ,  Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» жазушы, драматург Серік Жанәбіл де біздің түсірілім тобымен бірге мегаполистен 9 тамыз күні жолға шығып, алдымен әдеттегідей қасиетті Түркістан қаласына аялдады. Керуенге кеткендер Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын жүріп өтеді. Сапар сәтті болсын!

    Бағлан Байкөбекқызы

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.