Қазақстан мектептерінде балаларды ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау алынып тасталады, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Бізге педагогтар мен ата-аналардың тарапынан жыл бойы ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге көмектесу. Сондықтан мектептерде сынама тесттерін өткізу алынып тасталады және мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне — қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау қаралады», — деп мәлімдеді Е. Сағадиев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді бірге өткізуге, ҰБТ ұйымдастыру шараларынан мектеп мұғалімдерін босату туралы ұсыныстар да болған.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Екінші, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату. Сонымен қатар тағы да бірнеше ұсыныстар бар, ол ұсыныстар тамыз кеңесінде жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданатын болады», — деді министр.
Дереккөз: ҚазТАГ.