Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға қалған аналарға қолдау көрсетіледі — Ғабидолла Әбдірахымов
    Жаңалықтар

    Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға қалған аналарға қолдау көрсетіледі — Ғабидолла Әбдірахымов

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.08.2018245 Views

    Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға тап болған және тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов лайықты қолдау көрсетуді ұсынды.

    Яғни, олардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына жәрдем көрсетілмек.

    —        Көбіне менің қабылдауыма келген азаматшалар күйеулерінің жұмыс істемейтінін, отбасын асырауға бей-жай қарайтынын не болмаса отбасын мүлдем тастап кеткенін ашына отырып айтады. Олар жарқын өмірден үмітсіз де емес. Дегенмен, күнделікті тапқан табысы балаларын қатарынан кем қылмай бағып-тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді.

    b3afc22c-ee5e-41b7-8b40-de983aaa73f4 7834bfb3-01c6-43f1-82d6-fc14514daf0e

    Олар отбасының бақытты ғұмыры үшін еселі еңбек етуге әзір. Сол себептен де, біз оларға лайықты жәрдем көрсетуіміз керек. Бұл тұрғыда, біздің міндетіміз – олардың өз ісін жүргізіп, аяғына нық тұрып кетуіне ықпал ету, – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. Осы мақсатта Ғ.Рахматоллаұлы қала әкімдігінің аппараты мәжілісінде жауапты сала мамандарына тағдыр теперішін тартқан әйелдер үшін шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бір ай уақыт мерзімін белгіледі.

    Бағдарламаның негізгі бағытына сәйкес, өз ісін ашуға ниетті әйелдер өзі таңдаған мамандықтар бойынша, яғни, шаштараз, маникюр, массаж, аспаз немесе тігіншілік секілді қысқа курстардан өтуі тиіс. Осы арқылы олардың өз шағын бизнесі және тұрақты табысы болмақ.

    Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қала аумағында тұрақты жұмыс орындарына мұқтаж 10 мыңға жуық әйел тіркелген.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.