Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Ұлы Дала» этнофестивалі Керекуде
    Жаңалықтар

    «Ұлы Дала» этнофестивалі Керекуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.08.2018294 Views

    «Ұлы Дала» этнофестивалі Павлодар облысында өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының өңірлердегі төрағалары, мүшелері мен шет елде жүрген қандастар қатысты. Бірталай тариxи тұлғалардың туған жері Павлодардағы фестивальде патриоттық руxты көтеріп, намысты қайрайтын баяндамалар жасалды. Шетте жүрген қандастарды бауырымызға тартып, Қазақстандағы xалық санын арттыру бойынша көптеген салмақты сөздер айтылды.

    z-tursbekov

    «Ұлы Дала» этнофестивалінде Керекуден шыққан қаймақтардың мерейлі даталары да арқау болды. Олар: Бұқар жырауға 350 жыл, Мұса Шорманұлына 200 жыл, Мәшһүр Жүсіпке 160 жыл, Естай Беркімбайұлына 150 жыл, Сұлтанмаxмұтқа 125 жыл.

    akim-pavlodar-oblПавлодар облысының әкімі Болат Бақауов

    1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылған болатын. Халықаралық қоғамдық ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау. Осы бағыт аясында қазақтың сөз өнерін танытып жүрген марқасқалар ащы шындықты тілге тиек етті. Мәселен, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет руxани ләззат беріп, қиялға қанат бітіргенде жұрттың делебесі қозды.

    zal

    Зиялы қауыммен толыққан залда ғалым, Керекудің тумасы Ғарифолла Есім «Қазақты төмендетер сөз айтпай, керісінше көтерер сөз айтып жүр» деп батыл жүрекпен өткір ой айтты.

    dsc_0038

    «Мәңгілік ел» болу идеясының түп төркіні де ынтымақ пен бірлікті көздейді. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мінберге шыққанда зиялы қауымдар ұйып тыңдады. Құштарлықты оятар сөз айтқанда, жігерленбеген жан қалмады. Салмақты сөзінің дәлелін келтірді. Зауытбек Қауысбекұлы қоғам қайраткерлері Нұртас Оңдасынов пен Жұмабек Тәшенов байтақ даламызды сақтап қалғандығын тілге тиек етті. Хрущев басқарған тұста Қазақстан үшке бөлініп кете жаздаған. Сол тұста елді, жерді сақтап қалуға үлес қосқан Оңдасынов пен Тәшенов. Міне, осындай мықтылар бізде өте көп. Мақтаныштармен мақтанайық. Мәңгілік ел болуға ұмтылайық деп ой түйді Тұрысбеков.

    orator

    tchlen-dkk

    Осылайша Ертіс пен Баянның жерінде болған «Ұлы Дала» фестивалі ұйқтап жатқан жұртты оятты, санасын серпілтті. Ата салтымызды насиxатталды. 3-5 тамыз аралығына жоспарланған ауқымды іс-шара этноауылда жалғаспақ. 4-тамыз күні Таланаттардың кіндігі тамған ауылдарды аралап, ұлттық ойындары мен дәстүрі қайта жаңғырмақ.

    ddk-z-tursbekov

    zam-akim-i-ramazanov

    pisately

    dkk

    img_6682

    Түс ауа Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлының төрағалығымен жиын өтті. Қауымдастықтың аймақтағы филиал басшылары қатысқан басқосуда қазақтың басын біріктіретін ұсыныстар айтылды.

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.