Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстандық дәрігерлер алғаш болып жасанды жүректің орнына донорлық жүрек сал
    Денсаулық

    Қазақстандық дәрігерлер алғаш болып жасанды жүректің орнына донорлық жүрек сал

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.08.2018240 Views

    Астанадағы Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығында Павлодар облысынан келген науқасқа жасанды жүректің орнына донорлық жүрек салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

    Еске сала кетейік, 2017 жылдың 19 қазанында Астанада алғашқы халықаралық жасанды жүрек имплантациясы жасалған болатын. Ауыр жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігімен ауырған Павлодар облысының тұрғыны Құнанбай Абраевқа француздық Carmat компаниясының жасанды жүрегі салынды.

    Жасанды жүректі импланттау науқастың өмірін сақтаудың жалғыз жолы болды. Арада 8 ай өткен соң, 2018 жылдың 19 маусымында Құнанбай Абраевқа ортотопиялық жүректі транспланттау отасы жасалды.

    «Мұндай науқастарға жасанды сол жақ қарынша немесе тұтас жасанды жүрек импланталады. Бұл CARMAT жасанды жүрегінен кейін донорлық жүрек салынған әлемдегі алғашқы науқас», — деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.

    Сондай-ақ ол не себепті науқасқа бірден донорлық жүрек салынбағанын айтып берді.

    «Оған бастапқыда донорлық жүректі салу мүмкін болмады, себебі өкпе, бауыр және т.б.ағзаларында өзгеріс болды. Сол себепті жасанды жүректі импланттау туралы шешім қабылданып, арада 6 ай өткен соң жағдайы жақсарғаннан кейін донорлық жүректі күтіп отырғандардың тізіміне қосу мүмкін болды. 8 айдан соң біз сәйкес донорға ие болып, транспланттадық. Қазіргі күні ол реабилитациядан өтіп жатыр, науқас үшін ауыр процедура болғандықтан ол қазір реанимацияда, алайда есін біледі», — деді Пя.

    Сондай-ақ кардиохирургия орталығының мамандары жасанды жүрегі донорлық жүрекке ауыстырылған науқас палатада жатқанын, туыстарымен сөйлесіп, теледидар көргенін айтты.

    Дерекөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.