Қазіргі таңда Шымкент қаласында 2 индустриалды аймақ жұмыс істеуде. Атап айтқанда:
1.«Оңтүстік» индустриалды аймақ
Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтың аумағы 337 га құрайды.
«Оңтүстік» индустриалды аймақта 61,6 млрд. теңгеге, 5 мың жұмыс орнын құрайтын 88 жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күнге 28,3 млрд.теңгені құрайтын 49 жоба іске қосылып, 3 413 жұмыс орны ашылды.
2.«Тассай» индустриалды аймағы
«Тассай» индустриалды аймақтың аумағы 89 га құрайды.
Индустриалды аймақта 38 546,9 млн. теңгені, 1 711 жұмыс орнын құрайтын 28 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бүгінгі күнге, 189 жұмыс орнымен қамтылған, 1 876 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылған.
Дайындаған: Айдар Дидар.