Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Түркістан облысында 79 мешіттің құрылысында заңның талаптары сақталмауда
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Түркістан облысында 79 мешіттің құрылысында заңның талаптары сақталмауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.2018242 Views

         Бүгінгі таңда  талапқа сай келмейтін мешіттер саны күрт артқан. Бұл туралы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ғимаратында діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңес мәжілісінің кезекті отырысында айтылды. Қоғамдағы өзекті мәселенің шешімін табу мақсатында сала мамандары бас қосып, заң талаптарына қайшы келетін мешіт құрылысына қатысты деректерге тоқталды.  

         Бұдан былай мешіт құрылысын жүргізуге қадағалау күшейтіледі. Өйткені заңсыз салынған құлшылық орындарының саны артып келеді. Сауап жасаймыз деген сөздің астарында, атымды шығарамын деген нұсқаудың көрініс табары да шындық. Ендігі, билік осы мәселемен күресуге бел буған тәрізді. Күні кеше өткен жиналыс — соның бірден-бір дәлелі. 

    02

         Мәжіліс барысында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – заң талаптарына сәйкес келмейтін өңіріміздегі 400-ден астам мешіттердің бар екені жайлы сөз қозғалды. Оның шешу жолдарын қарастырып, мәжіліске қатысушылар да өз ойларын жеткізіп отырды. Ашық отырысқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Самат Сапарбаев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі С.Мәжінбеков және қала мешіттерінің имамдары мен кеңес мүшелері, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, сондай–ақ БАҚ өкілдері де қатысты.

    04

          Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақ- жауап, пікір алмасулар болды. Осы мәселе турасында Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеме жасап, қатысушыларға заңсыз құрылыс бастамауларын қатаң түрде ескертті. Талапқа сай келмейтін  нысандардың иелері қажетті құжаттарды жинақтамай ғимараттар тұрғызған. Қазіргі уақытта құрылыс қожайындарына ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Заңсыз құрылыстың алдын алу және болдырмау — мамандардың негізгі міндеті.  Құлшылық жасайтын орындарды қиратуға қол бармайды. Дегенмен, олар сәулеттік жобаны құзырлы органмен бекітпей, құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ деп отыр.  2014 жылы осы тақырыпқа қатысты Регламент қабылданған болатын. Содан бері 8 мешіттің ғана құжатын растап, рұқсат берген.

    Бұл мәселе жайында қала имамдары да шетте қалған жоқ. Олар да бұл тақырып аясында өрбіген ұсыныстар Һақында өз  көзқарастарын білдіріп отырды. Мешіт құжаттарын қалай рәсімдеу керектігін сұрап, құлшылық жасайтын орындардың сақталуын қалайтындарын білдірді.

           Мешіт  салу – сауабы үзілмейтін ғаламат  іс. Алайда, екі аттасаң мешітке жолығатын жағдайға жеткеніміз де жасырын емес. Бұл жағдайдың өрбуі бір жағынан алаңдатушылық та туғызып отыр. Өйткені өзге дін өкілдері Алланың үйінде қаптап жүретіні де ақиқат. Жастар  түгіл, ересек адамдардың арасында естерін білмей еретіндер көптеп кездесіп жүр. Заңсыз салынған мешіттердің мәселесі қаралса, онымен бірге бірнеше қиындықтың түйіні шешілетін тәрізді.

    «Айғақ-ақпарат».

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.