Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Санавиация ауылдық аймақтардағы пациенттерге көмек көрсету уақытын қысқартты
    Жаңалықтар

    Санавиация ауылдық аймақтардағы пациенттерге көмек көрсету уақытын қысқартты

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.2018269 Views

    Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесінің аурулары Қазақстанда кісі өлімінің басты себептерінің бірі. Ал жүрек талмасы мен операция арасындағы уақыттың қысқартылуы жүректің бұлшық еттерінің қызметін сақтап қалуға деген мүмкіндік, яғни адам өліміне деген қауіпті азайту. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.

    «Бүгінгі таңда санавиацияның ұшырылымдары негізінен осы қан айналымы ауруларына байланысты жүзеге асырылып жатады. Өйткені қан айналымы жүйесінің аруымен науқастанған азаматтарға облыстық және республикалық деңгейдегі арнайы мамандандырылған медициналық ұйым жағдайында көмек қажет. Биылғы жылдың алғашқы жартысында ғана санавиация қызметі осындай 265 науқасты жеткізді. Санавиация қызметін негізінен мұндай ұшырылымдарды Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарына жасады»,-делінген хабарламада.

    Мысалы Қазақстанның санитарлық авиация қызметінің күшімен Шалқар қаласының тұрғыны жеткізілді. Жүрек талмасы ұстаған 1961 жылы туған әйелдің жағдайы өте мүшкіл болды. Ол денсаулық жағдайының қиындығы жөнінде жергілікті тұратын жері бойынша, медицина ұйымдарына хабарласып, Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылған. Ал бұл ауруханада қажетті медициналық шарттар жоқ, оның үстіне науқастың жағдай уақыт өткен сайын нашарлап бара жатты. Сөйтіп ол Ақтөбе қалалық медициналық орталығына жеткізілді.

    Санавиация қызметін пайдалану пациентті қажетті орынға жеткізу уақытын 4 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Ал басқадай жағдайда оны Ақтөбеге жеткізу үшін кемінде 7,5 сағат қажет болатын еді. 25 шілде күні науқас әйел тиісті дәрігерлердің көмегімен Ақтөбе қаласының аурухханасына жеткізілді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты және өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

    «Бүгінде денсаулық жағдайы мүшкіл пациенттерді санавиацияның күшімен шалғай елді мекендерден жедел жеткізу қызметі тиімді жұмыс істеп тұр. Бұл қызмет ауылдық жерлердегі адам өлімі мен адам өмірінің ұзақтығына әсер ететін басты бағыттардың бірі»,-делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.