Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 213,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі – 80,7 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібі – 113,1 млрд. теңгені құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде тамақ өнімдері өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артып, 44,2 млрд. теңгені, тоқыма бұйымдарының өндірісі тиісінше 35,9%-ға немесе 3,0 млрд. теңгені, фармацевтикалық өнімдер 7,0%-ға, 226,6 млн.теңгені, химиялық өнімдер 6,6%-ға, 253,6 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 147,1 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 18,0 млрд. теңгені (102,2%), мал шаруашылығы – 128,3 млрд. теңгені құрады (104,7%).
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 103,4 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 364,4 мың тонна – сүт, 95,2 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 106,1%, 103,0% және 109,5% құрады.
2018 жылдың 1шілдесіне облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 1084,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 106,7%, қой мен ешкі – 5123,4 мың басты, немесе 105,9%, жылқы – 325,9 мың басты, немесе 109,6%, түйе – 29,4 мың басты, немесе 106,7%, шошқа – 12,8 мың басты, немесе 82,1%, құс саны – 1766,9 мың басты, немесе 113,8% құрады.
Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 43,3 млн. тонна жүк және 577,7 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 148,2% және 101,6% құрады.
Байланыс кәсіпорындары 2221,3 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңінен 6,5% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 55,6% құрады.
Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 44,2 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117,8% құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға 17,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 163,3% құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 202,4 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылдың тиісті кезеңіне 130,0% құрады.
Сыртқы сауда. 2018 жылдың қаңтар-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 749,9 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 124,1% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 305,1 млн. АҚШ долларын немесе 110,6%, импорт – 444,8 млн. АҚШ долларын немесе 135,3% құрады.
Евразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорт – 24,4 млн. АҚШ долларын (немесе 45,3%), импорт – 97,6 млн. АҚШ долларын (немесе 112,4%) құрады.
Дайындаған: Айдар Дидар.