Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ КӨРМЕСІН БЕЛЬГИЯЛЫҚТАР ДА ТАМАШАЛАДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ КӨРМЕСІН БЕЛЬГИЯЛЫҚТАР ДА ТАМАШАЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.20181 214 Views

    Түркістанда Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Қазақта Кенекемдей ер өтпеген…» көрмесі өтті.

    img-20180731-wa0213

    img-20180731-wa0215
    Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы болғаны белгілі. Тәуелсіздік жолында бүкіл өмірін сарп еткен хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Кенесары Қасымұлы. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы – өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен, халыққа деген риясыз көңілімен ел есінде мәңгі қалған.
    Тарихи мәні терең көрмеде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорында сақталған Кенесары ханның Орынбор шекарасының басшысы генерал-майор Г.Ф.Генсқа 1842 жылы жазған хатымен қатар, Омбы облыстық өлкетану музейінде сақталған қару-жарақтарының суреті, Түркістан облыстық тарихи өлкетану музейінде сақталған Кенесарының қылышы мен Санкт-Петербург музейінде сақталған кісе белдігінің суреттері және сол кезеңдегі орыс әскерінің қарулары, Лефоше револьвері мен ХІХ ғасыр винтовкасының түпнұсқасы, Қоқан әмірлігі зеңбірегі, тарихшы ғалымдардың Кенесары Қасымұлы туралы зерттеу еңбектері қойылған.

    img-20180731-wa0217

    img-20180731-wa0203
    Шараға Түркістан қаласына Бельгия және Голландия елдерінен келген шетелдік туристер, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

    img-20180731-wa0210

    img-20180731-wa0207
    «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ахметжанов  Нұрболат Қадырұлы жиынға қатысушыларды айтулы көрменің ашылуымен құттықтап, маңыздылығын жеткізді.
    «Музей қорында сақтаулы әрбір жәдігер жеке дара тарихи мәнге ие. Оларды қадірлеп, қастерлеу, көздің қарашығындай сақтау басты міндетіміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткен ұлттық болмысымыз бен ұлт болып қалыптасу жолындағы тарихымызды ұрпақ баласына насихаттауда тұлғалардан қалған мұралардың маңызы зор.»Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында 25000-нан аса құнды тарихи жəдігерлер қордаланса, оның ішінде өздеріңіз көріп отырған батыр бабалар аманатының орны ерекше. Жәдігерлер  қатары алдағы уақытта да толығатынына кәміл сенемін»,-деді музей басшысы Н.Ахметжанов.

    img-20180731-wa0214

    Сондай-ақ, Бельгия елінен келген қонақтар да барша түркістандықтар мен музей қызметкерлерін Елодамыз Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің  40 жылдық мерейтойымен құттықтап,  музей қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.

    img-20180731-wa0208

    img-20180731-wa0211

    Көрменің мақсаты- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи құндылықтарды кеңінен дәріптеу, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорында 40 жылдан бері жинақталып келе жатқан ең қастерлі, тарихи жәдігерлермен жұртшылықты таныстырып, деректері жөнінде мағлұмат беру, жастарды өткенді құрметтеп, қадірлеуге шақыру, отансүйгіштікке баулу болып табылады.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.