Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанда қандай мәселелер мазалайды
    Жаңалықтар

    Шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанда қандай мәселелер мазалайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.2018248 Views

    ҚР Ұлттық экономика министрлігі барлық дипломаттарды жинап, Қазақстанның экономикасын дамыту саласындағы жоспарларды таныстырды. Осы орайда елшілер көкейде жүрген сұрақтарын қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

    Нидерланды елшісі Дирк Ян Коптың айтуынша, таза экономикалық көрсеткіштермен бизнес ортаны жақсарту мүмкін емес. Заң үстемдігі болмаса, инвесторлар келуге асықпайды. «Біз Қазақстанның ірі инвесторы әрі әріптесі ретінде осы елдің дамуына мүдделіміз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болуға деген құлшынысыңыз да қуантады. Себебі оған дамыған 30 мемлекет кіреді. Бірақ аталған ұйымның рейтингінде экономикалық индикаторлар мен заң үстемдігі арасында тығыз байланыс бар. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, адам құқықтары және тағы басқа мәселелер ескеріледі. Сондықтан таза экономикалық индекске басымдық бермей, басқа да көрсеткіштерді жетілдіру керек. Сонда ғана бизнес климат жақсарады», — деді Д.Ян Коп. Шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанда қандай мәселелер мазалайды.

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекованың айтуынша, бүгінде ел Үкімет азаматтардың құқықтарын қорғау, жалпы заң үстемдігі мәселесіне баса назар аударып келеді. «Әрине, таза экономикалық көрсеткіштермен кете беруге болмайды. Біз оны жақсы түсінеміз. Мәселен, сіз сыбайлас жемқорлық туралы айттыңыз. Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Стамбул жоспарына қосылған болатын. Осы салада нәтижелі жұмыс атқарылып келеді. Адам құқықтарын қорғау шаралары да қолға алынды. Президенттің бес институционалды реформасы бар. Аталған мақсаттар заң үстемідігін күшейтуді көздейді», — деп атап көрсетті М.Жүнісбекова. Шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанда қандай мәселелер мазалайды.

    Ал Ливан елшісі Вазкен Кавлакян инфляцияның деңгейін төмендетуге қатысты сұрақ қойды. «Өткен жылы экономикалық өсім 4 процентті құрады дедіңіз. Олай болса, неге инфляцияның деңгейі 7,1 процент болды? Оны төмендету үшін не істеп жатырсыздар?», — деп сұрады В.Кавлакян. Шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанда қандай мәселелер мазалайдыВице-министр Мәдина Жүнісбекованың сөзіне қарағанда, инфляцияның деңгейі 7,8 процент болған. Аталған көрсеткішті төмендетуге қатысты жоспарлар бар. «Биыл біз 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды қабылдадық. Бұдан бөлек, басқа да жоспарлар мақұлданады. 2025 жылға дейін инфляцияның деңгейі 3-4 проценттің айналасында болады деген жоспарымыз бар», — дейді М.Жүнісбекова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.