Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Банктің несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуы заңсыз — Ұлттық банк
    Жаңалықтар

    Банктің несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуы заңсыз — Ұлттық банк

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.2018186 Views

    Ұлттық банк несие шотын жүргізгені үшін банктердің клиенттен комиссия алуы заңсыз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Банктер туралы» заңға сәйкес, сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер дербес белгілейді. Банк қызметтеріне банктік және «Банктер туралы» заңның 30-бабында көзделген өзге операциялар жатады.

    2011 жылдан бастап «Банктер туралы» заңда қаржы ұйымдарының банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсету міндеті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге тыйым салынды.

    Бұл ретте қарыз беруге байланысты комиссиялардың тізбесі және атаулары бойынша қандай да болсын шектеулер заңнамада белгіленбеген.

    Тексеру барысында Ұлттық Банк несие шотын жүргізгені үшін комиссияны шартқа қосып қойған жағдайларды анықтады.

    «Төлемдер туралы» заңның 27-бабына сәйкес, осы бапта көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.

    Демек, несие шотын жүргізгені үшін алынатын комиссия банк қызметін көрсетуге байланысты комиссия болып табылмайды.

    Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, несие шотын жүргізгені үшін алынатын комиссияны өндіріп алу практикасының заңдылығын бағалау бойынша жұмыс жүргізді.

    Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша банктердің клиенттерден несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуы заңсыз деп бағаланды.

    Осы орайда, Ұлттық Банк банктердің атына несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу тәжірибесін тоқтату қажеттігі туралы хат жолдады.

    Несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу фактісі анықталған жағдайда, Ұлттық Банк банктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қолдануға құқылы екендігі жөнінде ескертілді.

    Ұлттық Банк несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу тәжірибесін жалғастыруға қатысты кейбір банктердің іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы банктік қарыз шарттары бойынша несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуды тоқтату ұйғарымы түрінде шектеулі ықпал ету шараларын қолданды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.