• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады

31.07.2018
0

Түркістан қаласының түп тарихын зерттеу — тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.
Орта Азия мен Қазақстан аумағында өркендеп, түрлі шапқыншылық кезеңдерде басқа елдімекендер сияқты тарих сахнасынан өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі — Түркістан, деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

img-20180720-wa0010
Күлтөбе қалашығының цитаделінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бері Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бақылауында (Б.Ә.Байтанаев) және сол институттың білікті мамандарының (Е.Ә.Смағұлов, А.О.Ержігітова) күшімен іске асырылуда. Бұл жұмысқа «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің өз мамандары да атсалысуда. Осы жылдар ішінде І-ІІІ ғасырларда салынған төрт жапырақты гүлге ұқсас сирек кездесетін ғибадатхана (әлде кешік) қосалқы құрылысы және дәліздері, ауласы мен оңтүстік бетін қоршаған қорған қамалымен аршылды.

img-20180720-wa0013
Қазбадан табылған және табылып жатқан біздің заманымыздың І-ІІІ ғғ., ІV-VІ ғғ. және VІІ-ІХғғ. жататын құрылыстар жауын-шашын әсерінен езіліп кетпес үшін үстін уақытша арнайы қалың тентпен және соңғы қазба жұмыстары барысында қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінен аршылған құрылыс орындарын да уақытша профнастилмен жауып қоюға шешім қабылданды. Өткен жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан металлоконструкциямен үстін қайта жабу жұмыстары жүргізілді.

img-20180720-wa0021

Қазір мұнымен тікелей «Қазқайтажаңғырту» РМК Алматы филиалының мамандары айналысуда. Цитаделді толық аршып, реставрациялап, сондай-ақ консервациядан өткізу, төбесін ұзақ жылдарға шыдайтын жабындымен жауып, туристер жүретін соқпақ жолдар жүргізіп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру және ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұралар» тізіміне ұсыну — басты міндеттердің бірі және бірегейіне айналды. Қазіргі күні сәулетшілер тобы оның жобасын дайындау үстінде. Осы екі аралықта қазбадан табылған және табылып жатқан біздің заманымыздың І-ІІІғғ., ІV-VІғғ. және VІІ-ІХғғ. жататын құрылыстар жауын-шашын әсерінен езіліп кетпес үшін үстін уақытша арнайы поливинилхлоридтен резина араластырылып жасалған көп қабатты жабын материалымен және соңғы қазба жұмыстары барысында қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінен аршылған ортағасырлық қала құрылыс орындарын да уақытша профнастильмен жауып қоюға шешім қабылданды.

img-20180720-wa0026
2017 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жүргізуде. 2016-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігің Гранттық қаржыландыруы бойынша Ә.Марғұлан атындағы археология институты «Ежелгі Түркістан қамалы: қала мәдениетінің дамуы (архитектура, жобасы, стратиграфиясы)» тақырыбы зерттеу жүргізген болатын.

img-20180720-wa0055
«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап, нәтижесінде қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыруға бағытталған.
Қазіргі Түркістан қаласының түп тарихын зерттеу — тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Әуелі Иасы, кейін Түркістан атанған қаланың тарихы тым тереңде жатыр. Ертедегі Иасының орны — Күлтөбе. Қазіргі Түркістан айналасындағы басқа да көне және ортағасырлық мекен құландылары: Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық — I, II, Төрткүлтөбе- I, II атты ескерткіштер археологиялық тұрғыдан зерттелу үстінде. Ал Иасы — Түркістанның XV-XVIIІ ғасырлардағы тарихын зерттеуде кезек күттірмейтін шаруа. Себебі, түрлі кезеңде қала айтулы өзгерістерге тап болған. Қазақ хандығы тұсында Иасы шағын қыстақ дәрежесінен Қазақ хандығының бас қаласына айналды. Қаланың осы кездегі тарихын зерттеу арқылы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігінің қыр-сырларын тануға болады.

Мұнда ел тағдырын шешкен мәслихаттар өткен, хан сайлаған құрылтайлар болған.
Түркістан атырабындағы археологиялық ескерткіштердің зерттеле бастағанына 130 жылдан астам ғана уақыт болды. Осы жылдар ішінде ондаған археологиялық ескерткіштер табылып, есепке алынды.
Күлтөбе» қалашығы (І мың жылдық ортасы –ХІҮ ғ.) «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар ескерткіш және Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай — 350 метр жерде орналасқан. Сопақша келген, биіктігі — 9 метр, аумағы — 150х120 метр ауқымды төбешік.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.