Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттелді
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттелді

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.07.2018209 Views

    Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЗЖҚ-ға беруге міндеттеді. Бұл туралы Uchet.kz порталы хабарлады.

    2018 жылы 14 шілдеде 2018 жылы 2 шілдеде шыққан № 165-VI заңы күшіне енді, ол «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгеріс енгізді.

    Өзгеріске сәйкес, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс тапқан жеке тұлға кірісінің 10 пайызына тең зейнетақы жарнасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті, бірақ жарна айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан төмен (2018 жылы АЕК — 28 284 теңге) және 75-еселенген АЕК-тің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс. Осы заңға сәйкес 39-баптың 2-бөлігі алынып тасталды. «Көріп отырғанымыздай, заң шығарушылар шектеуді алып тастады, онда келісімшарттың мәні нақты жазылған болатын. Енді біз барлық азаматтық-құқықтық мәндегі келісімшарт бойынша 10 пайыз төлеу керекпіз», — деп жазды портал авторлары.

    Сонымен қатар, ҚР азаматтық заңнамасында «азаматтық-құқықтық келісімшарт» деген ұғымға нақты анықтама берілмеген. Бұл ұғымға ең жақыны «Азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар», ол ҚР Азаматтық кодексінің 1-бөлігінде жазылған. «Демек, келісімшарттардың басым бөлігін азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа жатқызуға болады.

    Оның ішінде сатып алу-сату келісімшарты және бөлшектеп сатып алу-сату бар. Бөлшектеп сатып алу-сату келісімшарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып отырған сатушы тауарды сату кезінде сатып алушыға тауарды беруге міндеттеледі, әдетте олар жеке қолданысқа, отбасына, үйге немесе өзге де мақсатта қолданылатын заттар болады, олардың кәсіпкерлікке қатысы жоқ. Қорыта келгенде, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап қазақстандықтар пәтер немесе көлік сынды жеке мүлкін сату кезінде зейнетақы қорына жарна төлеуі тиіс деуге болады», — деген қорытынды жасады Uchet.kz порталы.

    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.