Бішкекте «Оймо-2018» XIII халықаралық дәстүрлі мәдениет және қолөнер фестивалі басталды, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Қырғызстаннан, Орталық Азия елдерінен, Ресейден, Үндістаннан, Ауғанстаннан келген 150-ден астам қолөнер шеберлері өз өнімдерін көрмеге шығарды. Сахналық алаңда жастар шығармашылық топтары концерттік нөмірлерін қойды, фестиваль қонақтары мен қолөнершілердің салтанатты шеруі өтті», — делінген хабарда.
Бішкек мэриясының ақпарынша, Көшпелілердің үшінші дүниежүзілік ойындары қарсаңында фестивальде студенттер, қол өнершілер мен жас дизайнерлер арасында «Этно-Мода» іріктеу байқауы өтті. «Кийиз Дуйно» қоғамдық қоры дәстүрлі әйелдердің бас киімдері бойынша «Элечек» флеш мобы ұйымдастырылды.
Қуыршақтар гильдиясы «Емен саябағы» галереясында авторлық қуыршақтар көрмесін ұйымдастырды.
Фестивальға Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Ауғанстаннан, және басқа да елдерден қолоөнершілер мен дизайнерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, студенттер, жастар, балалар мен Бішкек және Шолпан Ата тұрғындары мен қонақтары қатысуда.
Фестиваль 29 шілдеге дейін жалғасады. 31 шілде 5 тамыз аралығында халық қол өнер шеберлері Ыстық-Көл көлі жағалауында, Шолпан Ата қ. орталық алаңында өз өнерлерін ұсынады.
Фестиваль ҚР мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің қамқорлығымен CACSARC-kg қолөнерді қолдау мақсатында Орталық Азия қауымдастығының Қырғызстандағы ресурстық орталығы өткізіп жатыр.