Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Медицинадағы модернизация
    Денсаулық

    Медицинадағы модернизация

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.07.2018752 Views

    Түркістан облысының ақ халаттылары денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту жолдарымен етене танысуда. Екі күн бойы дәл осы бағытта ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің басшылық етуімен жұмыс тобы аймақтағы дәрігерлерге семинар сабақтар мен тренинг өткізу жоспарлануда. Ауқымды жиынға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен өңірдегі барлық медициналық мекеме жетекшілері қатысты. Шараның басты мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы медициналық мекемелерге ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету.

    00029-mts-still001

    Мемлекеттің негізгі басымдығының бірі — ұлт денсаулығын қорғау. Үкімет өз кезегінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша Президенттің алға қойған бірқатар нақты міндеттерін ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл ұсынылатын медициналық қызметтерді цифрландыру, «қағазсыз ауруханаларға» көшу, сондай-ақ Медициналық жеке әріптестік  қағидасы арқылы денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік медициналық ұйымдар үшін кедергілерді азайту арқылы саланың тиімділігін арттыру. 2017 жылы жекеменшік сектордың шектеулері алынып тасталды, бірқатар санитарлық нормалар жойылып, қайта қаралды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынған жеке инвестицияларды екі есеге 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашты. Бұл көрсеткіштен байқағанымыз еліміздің медицинасы бұрынғыға қарағанда едәуір өскенін аңғартады. Осы орайда Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, Аймақтық департамент қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мүшелері, фармация комитеті, бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары екі күн бойы денсаулық сақтау саласын модернизациялау жүйесінің негізгі бағыттарымен таныс болмақ.

    00037-mts-still001

    Семинарда  аталмыш ведомство басшысының орынбасары медицина саласында түпкілікті өзгертулер енгізіліп жатқанын нақты мысалдар арқылы айтып өтті. «Денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау» жобасын іске асыру үшін аймақ мамандарына мақсат-міндеттер жүктелді.  Бұл орайда 6 негізгі және 6 қосымша бастама күн тәртібіне енгізілді.  Семинар барысында  емделушінің медициналық қажеттілігін  айқындайтын дерекқор, алғашқы медициналық көмекті дамыту, мекемеге инвестиция тарту, электронды денсаулық сақтау жүйесі мен дәрі-дәрмек нарығын дамыту, медицина ғылымы мен білімін жаңғырту, денсаулық саласына ұжымдық басқаруды енгізу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру мен аймақтық қарым-қатынасты дамыту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

    0257w9-still001

    0212s5-still001

    0218b3-still001

    Сондай-ақ, вице-министр семинарға қатысушыларға әрбір бастаманы іске асыру жолдарын көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдар мен оның басшыларының бұл бастаманы іске асырудағы міндеттерін айқындап берді. Жиын барысында министрлік басқаруындағы «Денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту» жобасы іске асатыны мәлімденді. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 базалық жобаны іске асыру жоспарланған. «Әлеуметтік маңызы бар ауруларға түсетін ауыртпалықтарды азайту» бастамасы аясында Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы құрылды. Сонымен қатар онкологиялық аурулармен жүйелі түрде күресу үшін 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар дайындалды. Концепцияның жобасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дер кезінде көрсету болып табылады.

    023885-still001

    Семинар денсаулық саласының халыққа толыққанды қызмет көрсетуіне негізделді.  Жүйе түпкілікті модернизацияланғанда медицина саласы дамып, тұрғындар дәрігерлердің көмегін жан-жақты алады деген сенім бар.

    0282tv-still001

    Жансая ЕЛЕМЕСОВА.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.