• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы

25.07.2018
0

      Түркістан облысында цифрландыру жүйесі 5 бағыт бойынша жүзеге асып келеді. Бастамада пилоттық жоба ретінде былтыр білім, құрылыс, ауылшаруашылығы қолға алынған болатын. Қазіргі таңда сол заманауи технологиялардың көмегімен іске асып жатқан жаңа бастама өңірімізде оң нәтижесін беріп отыр.  Бүгінде Түркістан қаласында да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік қызмет көрсету, туризм, денсаулық сақтау салалары да заманауи бағдарламаға енгізілуде. Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз жиынында Түркістан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.

     Елбасының соңғы Жолдауында цифрландыру жүйесі басты назарға алынған. Осы орайда қазіргі таңда Түркістан облысында осы бағытта бірқатар жобалар іске асырылуда. Солардың бірі білім беру саласы. Цифрландырудың арқасында бұл салада да тың серпін бар. Жаңа процестерді қолдану арқылы аталған бағытта мектеп шәкірттерінің оқу үлгерімін бақылау, сондай-ақ ұстаздардың қағазбастылықтан арылуына мүмкіндік туып отыр. Жалпы облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Цифрлық индустрияны дамыту Білім беру министрлігінің үлкен қызығушылығын туғызды және мемлекеттік қызметтер стандарттарына өзгерістер енгізуді мақсат тұтты. Бүгінгі таңда бұл жүйе басқа өңірлерде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлықты азайтуда тиімді құрал ретінде пайдаланылуда.

     Денсаулық сақтау саласында дәрігерді үйге шақырту, дәрігерлердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу қызметтері бойынша жиынтық медициналық ақпарат жүйесі облысымыздағы 49 емханада жүзеге асырылған. Түркістан облысы бойынша қағазсыз технология 2018 жылдың 2 сәуірінде іске қосылған. Осы орайда медициналық құжаттаманы қағазсыз негізде жүргізу 49 дан 16 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының айтуынша жыл соңына дейін денсаулық сақтау саласын 100 пайыз қамтамасыз ете отырып, дәрігерлер мен пациенттердің уақытын 50 пайызға қысқарту, сондай-ақ алдын-ала жазылудың үлесін 30 пайызға көтере отырып, «Тірі кезекті» 30 пайызға төмендету көзделмек.

       Тұрғын-үй және комуналдық шаруашылық саласы бірнеше бағытта цифрландырылмақ. Бірінші бағыт есептеу құралдарының көрсеткіштерін автоматты түрде жинақтап, біріңғай интелектуалды ақпарат жүйесіне енгізу сатысына өту. Бұл тұрғыда «Ақылды қала» жобасы бойынша Түркістан қаласында 10 үй, 600 пәтерде іске асырылмақ.

      Содай-ақ қазіргі таңда облыс аудандары толықтай кең жолақты интернет желісімен қамтылмаған. Тіпті тартылған күннің өзінде де ғаламтордың жылдамдығы өте баяу. Осы орайда түрлі байланыс орталықтарын тарта отырып спутниктік жүйені құру қарастырылуда.

       Сонымен қатар цифрландыру барысында көлік саласы мен қауіпсіздік саласы да шет қалмады. Бүгінде көлік компаниялары мен инвесторлар арасында электронды билетті енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласында бұл жүйе GPS трекері арқылы 22 автобуста орнатылмақ. Сондай-ақ қауіпсіздік саласында маңызды трассаларда қолданылатын, жылдамдықты асыру бұзушылықтарын суретке түсіріп алатын 6 мобильді кешен және қосымша 5 жиынтық кешен орнатылмақ.

      Түркістан облысындағы цифрландыру жүйесі — алдағы уақытта еліміздің инновациялық дамуына және ғылыми-техникалық прогрестерді дамытуға негіз болатын ақылды жүйелерді ары қарай жандануына мүмкіндік сыйлау.

Жансая Елемесова

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.