Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Берік Арын ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
    Жаңалықтар

    Берік Арын ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.07.2018252 Views

    Берік Арын Қазақстанның мемлекеттік даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Сақбайұлы Арын ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

    Берік Арын 1969 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының референті, атташесі лауазымынан бастаған.

    1996 жылғы желтоқсан айынан 2001 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

    2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы наурыз айы аралығында ҚР СІМ Африка екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы болған.

    2002 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім басшысы.

    2002 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылғы ақпан айы аралығында — ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

    2006 жылғы ақпан айынан 2007 жылғы маусым аралығында — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

    2007 жылғы маусым – 2009 жылғы желтоқсан аралығында — ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.

    2009 жылғы желтоқсан – 2011 жылғы желтоқсан аралығында — ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

    2011 жылғы желтоқсан – 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

    2012 жылғы ақпан – 2016 жылғы қазанға дейін — Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі.

    2012 жылғы мамырдан 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

    2015 жылғы сәуірден 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

    2016 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымын атқарды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.