Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ
    Білім

    СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.07.2018216 Views

    Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан жалпы жастардың 50 пайызы түстік өңірге тиесілі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Сейтжапбаров мәлім етті.

    2017-2018 оқу жылына «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» бағдарламасына барлығы 4513 грант бөлінген. Биыл Түркістан облысында мектепті 33 мыңнан астам оқушы бітіріп, олардың 22091-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 19 мыңнан астамы шекті балды жинады.
    «2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік Ел жастары — индустрияға» жобасына 5829 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Оның ішінде, жоғары оқу орындарына — 5089 грант бөлінсе, кәсіптік-техникалық колледждерге — 740 грант қарастырылған. Биылғы жылы талапкерлерден құжат қабылдау мерзімі ерте басталды. Яғни ағымдағы жылдың 18-26 шілде аралығында Қазақстан бойынша барлық жоғары оқу орындарында құжаттар қабылданады», — деді  Мұхтар Сейдахметұлы.
    Айта кетерлігі, «Мәңгілік Ел жастары — индустрияға» жобасына құжат қабылдау үшін өңірімізде 3 орын қарастырылған. Олар: техникалық ғылымдар саласы бойынша — М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «А» ғимараты, педагогикалық мамандықтар бойынша — ОҚМПУ-ң «Б» ғимараты және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті. Кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуға ниетті талапкерлерден құжаттар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.